«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші (Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары);
3) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
4) “Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
5) банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы (бұдан әрі – анықтама);
порталға:
жәрдемақы тағайындау үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш сұрау салу;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі;
анықтаманың электрондық көшірмесі;
жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
1-қосымша
“Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына |
Нысан
Жергілікті атқарушы орган уәкілеттік
берген мемлекеттік ұйымның басшысы
____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өтініш
Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________
туған күні __________________________________________________________
мүгедектігі _________________________________________________________
үйінің мекенжайы ____________________________________________________
телефоны ____________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың № ____________
______ жылғы “____” ___________ берілген
жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ____________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
тағайындауға құжаттар қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беріп отырмын:
1 _____________________________ 2 ______________________________
3 _____________________________ 4 ______________________________
5 _____________________________ 6 ______________________________
7 _____________________________ 8 ______________________________
9 _____________________________ 10 _____________________________
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді
тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге
келісім беремін.
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
20____ жылғы ” ___” ______________
Құжаттарды қабылдаған:
_____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
20____ жылғы “___” ________________
2-қосымша
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға
жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
Нысан
Анықтама
____________________________________________________________ берілді,
(білім алушының және тәрбиеленушінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
ол шын мәнінде________________________________________ №___ мектептің
(оқу мекемесінің атауы көрсетілсін)
«___» сыныбында_______________ жылы бекітілген № ___жеке оқу жоспары
бойынша «___»____________ жылдан «___»____________ жылға дейінгі
аралықта үйде оқиды.
Анықтама талап еткен орынға ұсыну үшін берілді.
Оқу орнының басшысы ___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(аты-жөні және қолы)
М.О.