Февраль 21, 2017

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

 «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он ) жұмыс күні.

 

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:

1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат, мүгедек балалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат, ата-аналарының (қамқоршысының, асырап алушысының) біреуінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;

3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін – Ұлы Отан соғысына қатысушы (мүгедек) куәлігі;

5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

6) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;

7) Ұлы Отан соғысына қатысушы үшін – медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы;

тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;

міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) мүгедек балалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат, ата-аналарының (қамқоршысының, асырап алушысының) біреуінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмір болмаған жағдайда;

4) мүгедекті оң алтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

5) “Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама.

 

1-қосымша

«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық
және міндетті гигиеналық құралдармен
қамтамасыз ету» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Нысан

 

 

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органы
Өтініш
Тегi ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесiнiң аты (ол болған кезде) ______________________________________
туған күнi __________________________________________________________
мүгедектiгi _________________________________________________________
үйінің мекенжайы ____________________________________________________
телефоны ___________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат № ___, _____ ______ _____ жылы берілді
жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ___________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(салмағы ___ кг., бойы ___ см., жамбасының көлемі ___ см. жазылсын)*
(сурдотехникалық құрал, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар (қажеті сызылсын)) ұсыну үшін құжаттарды қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттардың көшiрмелерiн қоса берiп отырмын:
1. _____________________________
2. _____________________________
3. _____________________________
4. _____________________________
5. _____________________________
6. _____________________________
Сурдотехникалық құрал, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар (қажетінің асты сызылсын) ұсыну үшін құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20___ ж. “___” _________
____________________________________________________________________
(өтінiш берушінiң (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде), қолы)
Өтініш берушi ұсынған құжаттар көшiрмелерінiң дұрыстығын растаймын:
_____________________________________________________________________
(өтініштi қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), лауазымы)
20___ ж. “___”__________ ______________
(қолы)
Ескертпе: жөргектермен қамтамасыз еткен кезде толтырылады.
———————————————————————
(қию сызығы)
Қоса берілген құжаттармен өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________________
өтініші қабылданды, өтінішті тіркеу күні: 20___ ж. “___” ____________
_____________________________________________________________________
құжатты қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы және қолы
М.О.