«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін – мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін – тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның протездік-ортопедиялық көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы;
4) жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжат.
1-қосымша
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына |
Нысан
Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органы
Өтініш
Тегi ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесiнiң аты (ол болған кезде) ______________________________________
туған күнi __________________________________________________________
мүгедектiгi _________________________________________________________
үйінің мекенжайы ____________________________________________________
телефоны ____________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат № ___, _____ ______ _____ жылы берілді
жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ____________________________
Протездік-ортопедиялық көмек ұсынуға құжаттарды ресімдеу үшін құжаттарды қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттардың көшiрмелерiн қоса берiп отырмын:
1. _____________________________
2. _____________________________
3. _____________________________
4. _____________________________
5. _____________________________
6. _____________________________
Протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20___ ж. “___” _________
____________________________________________________________________
(өтінiш берушінiң (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде), қолы)
Өтініш берушi ұсынған құжаттар көшiрмелерінiң дұрыстығын растаймын:
_____________________________________________________________________
(өтініштi қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), лауазымы)
20___ ж. “___”__________ ______________
(қолы)
———————————————————————
(қию сызығы)
Қоса берілген құжаттармен өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде). __________________
өтініші қабылданды, өтінішті тіркеу күні: 20___ жыл “___” ___________
_____________________________________________________________________
құжатты қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
лауазымы және қолы
М.О.