Февраль 27, 2017

Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11342 тіркелді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына 8-қосымша

 

“Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Жалпы ережелер

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:

1) еңбек ету қабілетінен айырылу (егер жүгінген кезде адамға еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу (жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтамасы болғанда), жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік төлем тағайындау үшін – “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) жұмыссыз статусын алған кезде жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін – Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО);

3) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін – Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі);

4) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айрылған адамдарды қоспағанда, жұмысынан айрылу (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде), бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік төлем тағайындау кезінде – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Мемлекеттік корпорацияға, МӘС бөлімшесіне, ЖАО-ға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімшесіне жүгінген кезде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) жүгінген кезде 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

3) жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеуді растайтын құжат;

4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

асыраушысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

3) асыраушының қайтыс болу туралы куәлігі немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп танығаны туралы немесе қайтыс болды деп жариялағаны туралы соттың шешімі;

4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының туу туралы, асырап алу туралы, әке екенін (ана екенін) белгілеу туралы куәліктер;

5) № 236 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша отбасы мүшелерi күндізгі оқу нысанында білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады);

6) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi бала кезiнен І немесе ІІ топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда – «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама;

қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады;

жұмысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

3) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту орталығының анықтамасы;

4) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек қатынастарының бұзылғанын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме;

5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

жүктілігі мен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айрылу жағдайларына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

3) жүктiлiгі және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);

4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:

1) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген) бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстырып тексеру актісі;

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме;

қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат.

Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, жалпы еңбекке қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуді растайтын құжатты, мүгедектік туралы анықтаманы, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу туралы куәлікті, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), жұмыссыз ретінде тіркегені туралы жұмыспен қамту орталығының анықтамасын, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы құжатты ұсыну талап етілмейді.

 

Порталда:

жұмысынан айрылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ЭҮП арқылы әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті және мынадай мәліметтерді ұсынады:

жұмысынан айрылу жағдайына – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, жұмыссыз ретінде тіркегені туралы ЖАО анықтамасының мәліметтерін, банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді;

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін, банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзіндіні (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжат мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік корпорация, МӘС бөлімшесі, ЖАО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

МӘС бөлімшесінде, ЖАО-да – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде немесе өтініштің үзбелі талонының негізінде беріледі.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.


 

1-қосымша

“Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына
әлеуметтік төлемдер тағайындау:
еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан
айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болумен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына


Ауданның коды ____________________
      Нысан
“Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ-ның
__________________ облысы (қаласы) бойынша филиалы
Өтініш

Азамат (ша) ______________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Туған күні ____ ж. “__” ______________
Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН): ___________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ________________________
Құжаттың сериясы _________ Құжаттың нөмірі ________ Кім берген _______
Берілген күні ____ ж. “___” __________
Тұрғылықты жері туралы мәлімет: ___________________________________
Облыс ___________________________________________________________
қала (аудан) _________________________ауыл _________________________
көше (шағынаудан) __________________________ үй, ___________ пәтер
Банк деректемелері:
Банктің атауы ____________________________________________________
Банк шотының № _________________________________________________
Шот түрі: ағымдағы_________________ карта шоты _______________
(қажеттісінің асты сызылсын)
Маған ___________________________________________________________
(еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына (жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін көрсете отырып), асыраушысынан айырылу жағдайына (асырауындағы адамдардың санын көрсете отырып), жұмысынан айырылу жағдайына, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді – қажеттісі жазылсын) тағайындауды (үлес бөлуді, қалпына келтіруді, қайта есептеуді) сұраймын.
Отбасының құрамы туралы мәліметтер (асыраушысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда толтырылады):
1)________________________________________________________________
2)________________________________________________________________
3)________________________________________________________________
4)________________________________________________________________
5)________________________________________________________________
6)________________________________________________________________
7)________________________________________________________________
Отбасы құрамында ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балаларды қоспағанда, туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа алынған балалар ескеріледі, сондай-ақ отбасы құрамында егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі.
_____________________________ әлеуметтік төлем мөлшерінің өзгеруіне алып келетін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне күнтізбелік 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Отбасының мүшелерi күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан анықтаманы жыл сайын (оқу жылының басында) ұсынуға мiндеттенемiн.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с
Құжаттың атауы Құжаттағы парақтардың саны Ескертпе
       
       
       

 

Әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға келісім беремін (бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзiмсiз болып белгіленген адам толтырады **): иә/жоқ
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бойынша міндетті зейнетақы жарналары субсидияланатыны туралы және агент міндетті зейнетақы жарналарын аударған жағдайда тоқтатыла тұратыны туралы және тоқтатылуы мүмкін екендігі хабарланды.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Әлеуметтік төлемді тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы sms-хабар жіберу жолымен, телефон байланысы арқылы хабарлауға келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефоны ____________ ұялы телефоны ______________
Өтініш берген күні: 20 ____ ж. “____” ______________
Өтініш берушінің қолы ___________________
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
_____________________________
Азамат ___________________________ өтініші № _____________ тіркелді.
Құжаттар қабылданған күн _______________
__________________________________________________________________
(қию сызығы)
__________________________________________________ өтініші қоса
берілген құжаттармен қабылданды
өтініш тіркелген күн: 20 ___ ж. “___” ________________
______________________________________әлеуметтік төлемді тағайындауға
қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқ екені анықталған жағдайларда,
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес
ұзартылады
_____________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), лауазымы және қолы


 

 

2-қосымша

“Мынадай әлеуметтік тәуекелдер
жағдайларына әлеуметтік төлемдер
тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту,
асыраушысынан айырылу, жұмысынан
айырылу, жүкті болу мен босануға
байланысты табысынан айырылу, жаңа
туған баланы (балаларды) асырап
алуға байланысты табысынан айырылу,
бала бір жасқа толғанға дейін оның
күтіміне байланысты табысынан айырылу”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

 

 

 

   Ауданның коды _______________________      Нысан
“Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ-ның
_________________________ облысы (қаласы) бойынша филиалы
Өтiнiш

Азамат ___________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Туған күнi: ______ ж. “___” ___________
ЖСН: _____________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ____________________________
Құжаттың сериясы: _______ құжаттың нөмірі: _______ кім берген:_______
Берілген күні _______ ж. “___” ______________________________________
Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________
Облыс ____________________________________________________________
қала (аудан) ________________________________ауыл___________________
көше (шағынаудан) ______________________ үй ________________ пәтер
Маған еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындауды сұраймын.
Ескертпе:
Төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне алып келетін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне күнтізбелік 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/С
  Құжаттың атауы Құжаттағы парақтардың саны Ескертпе
1        
2        

 

Әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға келісім беремін (бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзiмсiз болып белгіленген адам толтырады **): иә/жоқ
Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы қабылданған шешім туралы ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабарлауға келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны __________ ұялы телефоны ___________
Өтініш берген күні: 20__ ж. “___” __________
Өтініш берушінің қолы ________________________________________
Азамат ___________________________ өтініші № _____________ тіркелді.
Құжаттар қабылданған күн 20 ___ жылғы _____
__________________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(қию сызығы)
Өтініш қоса берілген құжаттармен 20__ жылғы “___” _______ қабылданды,
Өтініш тіркелген күн: 20__ ж. “___” ________________________________
(қызметті алу күні өтінішті Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде
тіркеген күннен бастап): 20__ ж. “___” _____________
Жәрдемақы және әлеуметтік төлем тағайындауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқ екені анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады.
__________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
Төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне алып келетін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне күнтізбелік 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім ____________________________________
__________________________________________________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы


 

3-қосымша

“Мынадай әлеуметтік тәуекелдер
жағдайларына әлеуметтік төлемдер
тағайындау: еңбекке қабілеттілігін
 жоғалту, асыраушысынан айырылу,
жұмысынан айырылу, жүкті болу мен
босануға байланысты табысынан
айырылу, жаңа туған баланы
(балаларды) асырап алуға байланысты
табысынан айырылу, бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылу”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына

 

 

 

 өтініш      Нысан
Ауданның коды ____________________
“Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ-ның
__________________ облысы (қаласы) бойынша филиалы
Жұмысынан айырылу жағдайына
әлеуметтік төлем тағайындау үшін
Азамат (ша) ______________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Туған күні ____ ж. “__” ______________
Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН): ___________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ________________________
Құжаттың сериясы ________ Құжаттың нөмірі ________ Кім берген _______
Берілген күні ____ ж. “___” __________
Тұрғылықты жері туралы мәлімет: ___________________________________
Облыс ___________________________________________________________
қала (аудан) _________________________ауыл _________________________
көше (шағынаудан) __________________________ үй, ___________ пәтер
Банк деректемелері:
Банктің атауы ____________________________________________________
Банк шотының № _________________________________________________
Шот түрі: ағымдағы________________ карта шоты_________________
(қажеттісінің асты сызылсын)
Маған жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауды
(қалпына келтіруді, қайта есептеуді) сұраймын
_____________________________ әлеуметтік төлем мөлшерінің өзгеруіне алып келетін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне күнтізбелік 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с
Құжаттың атауы Құжаттағы парақтардың саны Ескертпе
       
       
       

 

Әлеуметтік төлемнің сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға келісім беремін (бірінші немесе екінші топ мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адам толтырады): иә/жоқ
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін: иә/жоқ.
Әлеуметтік төлемді тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы sms-хабар жіберу жолымен, электрондық немесе телефон байланысы арқылы хабарлауға келісім беремін: иә/жоқ.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефоны ____________ ұялы телефоны ______________ ___________ Өтініш берген күні: 20 ____ ж. “____” ______________
Өтініш берушінің қолы ___________________
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _____________________________
Азамат ______________________________ өтініші № ___________ тіркелді.
Құжаттар қабылданған күн _______________
_____________________________________________________________________
(қию сызығы)
__________________________________________________ өтініші қоса
берілген құжаттармен қабылданды
өтініш тіркелген күн: 20 ___ ж. “___” ________________
______________________________________әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқ екені анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады
_____________________________________________________________________құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы