«МОБИЛЬДІ ТОП» БІР КҮНДЕ ҮШ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2017 жылдың 11 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың халықпен кездесуі өтті. Кездесу облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында, «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу» департаментінің Абай және Әл-Фараби аудандық операциялық бөлімдерінде өтті.

Кездесу барысында азаматтар түрлі сұрақтар мен арыздарын, сонымен қатар, ұсыныстарын, Агенттіктің атына алғыстарын білдірді.

«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу» департаментінің Абай және Әл-Фараби аудандық операциялық бөлімдері ұжымдарымен кездесу барысында тақырыпқа сай арнайы бейнероликтер көрсетілді.

«Мобильді топ» қоғамдық қабылдауды арнайы автобуспен жүзеге асыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қолдайтын адамдарға сенімін білдіреді. «Мобильді топ» өз қызметін облыс көлемінде тұрақты негізде жүзеге асырып отыратын болады.

P.S.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау жөніндегі нұсқау

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәліметті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша аумақтық департаменттеріне хабарлауға болады (кезекші бөлімнің телефоны: 8-7252-98-14-00).

Хабарламаны:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттеріне жазбаша түрде (мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қазыбек би к,3 немесе Тәуке хан даңғ,3)

2. «Электронды үкіметтің» egov.kz порталына.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Сall-орталығына жолдауға болады.

Сонымен қатар, облыстық ХҚКО-да ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты ұсыныстар мен шағымдарға арналған арнайы жәшік бар екендігін естеріңізге саламыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *