«МЕМСАРАПТАМА» РМК-да СЕМИНАР ӨТТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, “Нұр Отан” партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Б.Есимова «Мемсараптама» РМК-ның Оңтүстік өңірі бойынша филиалы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Кездесу барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *