Февраль 21, 2017

Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің
кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығы).

 

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

     

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

 

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге – өтініш қағаз тасығышта қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады;
Мемлекеттік корпорацияға – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.


 

1-қосымша

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты
жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау)
құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

______________________________________
басшысы_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
______________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
______________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке
______________________________________
басын куәландыратын құжаттың
______________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
____________________________________
мекенжайы)

Өтініш

____________________________________________________________
мекенжайы (жер учаскесінің орналасқан жері)

бойынша орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Күні __________ Өтініш беруші________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
немесе заңды тұлғаның не
______________________________________
уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)


 

2-қосымша

«Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі

  1. Акті азамат (ша)
    _____________________________________________________________________
    (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)
    өтінішіне сәйкес
    _____________________________________________________________________
    (мақсатын көрсету)
    ________________________ жер учаскесін бағалауға байланысты жасалды.
    2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі:________________________________
    3. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты:_________________________________
    _____________________________________________________________________
    4. Жер учаскесінің орналасқан жері:__________________________________
    _____________________________________________________________________
    5. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының есебі (жер пайдалану
    құқығы)
Аймақ нөмірі (елді мекендер жерлеріне), алқап түрлері, топырақтың үлгісі (ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлер үшін) Ауданы гектар, шаршы метр Жерге төлемнің базалық мөлшерлемесі, теңге Түзету коэффициенті Кадастрлық (бағалау) құны, мың теңге
Жиыны
  1. Жер учаскесінің (жерді пайдалану құқығының) кадастрлық (бағалау)
    құны_________________________________________________________құрайды.
    (жазбаша сомасы)
    Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны анықталды
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    (жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынның атауы)
    М.О. ______________ ________________________________
    (қолы)              (басшының Т.А.Ә.)
    ______________________________________________________________басшысы
    (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
    М.О. ____________________ ________________________________
    (қолы)              (басшының Т.А.Ә.)

Күні «____» ____________


 

3-қосымша      

«Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
нысан
_________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе көрсетілетін
__________________________________
қызметті алушы ұйымның атауы көрсетілетін
__________________________________
қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_______________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)
Орындаушы Т.А.Ә. (ол болған кезде)_____________________________
Телефон________________________________________________________
Алдым: Т.А.Ә. (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушының қолы
«___» _________ 20__ ж.