Февраль 25, 2017

“Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

“Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Агенттік және оның облыстардағы, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) www.egov.kz “электрондық үкiмет” веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) “А” корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысқан адамдардың құжаттарын қабылдау аяқталған сәттен бастап әңгімелесуді өткізгенге дейін – 38 жұмыс күнi ішінде. Әңгімелесуді өткізу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) белгілейді;

2) құжаттарды портал арқылы тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 15 минут;

3) қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 30 минут.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтiнiш (бұдан әрі – өтініш);

жеке куәлік (сәйкестендіру үшін қажет);

бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;

еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшірмесі;

осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша “А” корпусының кадр резервіне үміткердің қызметтік тізімі (бұдан әрі – қызметтік тізім);

“А” корпусының кадр резервіне үміткерді ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, үміткердің тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіби және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (бұдан әрі – ұсынымхат). Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;

өмірбаян;

Ұлттық комиссияның шешімімен белгіленетін құжаттар

Порталға жүгінген кезде:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігін қоспағанда, қосымшасымен бірге жоғары білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

қызметтік тізімнің электрондық көшірмесі;

еңбек қызметiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

ұсынымхаттың электрондық көшірмесі;

өмірбаянның электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттартар туралы мәліметтерді, сотталғандығы бар немесе жоқ болуы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электронды үкімет” шлюзі арқылы алады.

Өтінімді портал арқылы қабылдау жағдайында, көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе белгіленеді.

Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.


 

1-қосымша

 

“Мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметтiң кадрлық резервiне
қабылдау” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
Нысан
“А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш      Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы
Кадр саясаты жөніндегі
ұлттық комиссия

Мен, ____________________________________, ЖСН ________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толығымен)

“А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне

____________________________________________________________________

(келесілердің бірі көрсетіледі: бірінші санаттың бірінші тобы немесе бірінші санаттың екінші тобының бірінші не екінші не үшінші топшасы немесе екінші санаттың бірінші немесе екінші тобы көрсетіледі) іріктеуге қатыстыруыңызды сұраймын.

Мен:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы № 151 Жарлығымен бекітілген “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді;

“Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарымен танысқанымды;

мемлекеттік қызметке менің кіруіме және “А” корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кедергі келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін;

өзім ұсынған құжаттар мен деректердің шынайылығын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың көрсетілгенін;

мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау туралы мәліметтердің және “А” корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені “А” корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

“А” корпусының кадрлық резервінен тағайындалған жағдайда өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынуым фактілерінің анықталуы мені “А” корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

өзімнің жекелеген жеке деректерімнің (тегім, атым және әкемнің аты (бар болған жағдайда), туған күнім, тұратын жерім, ағымдағы жұмыс орным, білімім мен мамандығым, атқарып отырған лауазымым, “А” корпусының лауазымдар тобы, топшасы және санаты) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынына келісетінімді мәлімдеймін;

атқарып отырған лауазым, ағымдағы жұмыс орны, байланыс телефондары, білім алған жағдайда көрсетілген деректердің өзгерген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктермей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарлаймын.

Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

1.________________________________________________________

2.________________________________________________________

3.________________________________________________________

4.________________________________________________________

5.________________________________________________________

6.________________________________________________________

7.________________________________________________________

Байланыс деректері:

Қаланың коды, телефон______________________________________

Ұялы телефон ______________________________________________

Тұратын жерінің мекен-жайы (поштамекен-жайы): ________________

Тіркелген жерінің мекен-жайы: ________________________________

Электронды мекен-жайы: _____________________________________

___________________________________________________________

(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

20__ ж. “____”_______________


 

2-қосымша

“Мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметтiң кадрлық резервiне
қабылдау” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
Нысан

_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))/
фамилия, имя, отчество (при его наличии)
ФОТО
(түрлі-түсті/
цветное,
3,5х4,5)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары/
Государственные награды, почетные звания
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин
8. Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі/
Вид взыскания, дата и основания его наложения
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күнімен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (для административных государственных служащих)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата
Тексерілді/
Проверено _______________________
қолы/подпись
_________________
күні/дата
Мөрдің орны
место печати
___________________________________________
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты
Фамилия, имя, отчество работника службы управления персоналом (кадровой службы)

“А” КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ АЛУ
ҮШІН КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА ДЛЯ ЗАЧИСЛЕНИЯ
В КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ КОРПУСА “А”