Февраль 25, 2017

“Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

“Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығы

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Агенттік және оның облыстардағы, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау:

1) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бөлімшесі;

3) www.egov.kz “электрондық үкiмет” веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) тестілеу өтініш берілген күннен бір күнтізбелік күннен ерте емес және қызмет алушы таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі.

2) Осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (бұдан әрі – “Б” корпусының лауазымдары) орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеудің, сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес “Б” корпусының лауазымына үміткерлердің және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламаларына байланысты ең ұзақ уақыты 3 сағат 40 минуттан аспауы тиіс;

3) портал немесе Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 15 минут;

4) қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 30 минут.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет);

2) портал арқылы жүгінген кезде:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электронды үкімет” шлюзі арқылы алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорация және портал арқылы өтініш берілген жағдайда, құжаттардың қабылданғандығы осы стандарттың 7-қосымшасындағы нысанға сәйкес көрсетілетін қызмет берушінің ЭЦҚ қойылған тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхатпен расталады.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш берілген жағдайда, құжаттардың қабылданғандығы осы стандарттың 8-қосымшасындағы нысанға сәйкес тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхатпен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

6-қосымша

“Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
 
Нысан  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
_________________________________
телефон__________________________
электрондық мекенжайы____________

Өтініш

Мені “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ___ санатына орналасуға ____ бағдарлама* бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

Тестілеу өту мекенжайы: ___________________

Тестілеу өтуді қалаған күні: ________________

Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _____________

*Ескертпе: Тестілеу бағдарламасы үміткердің таңдаған санатын ескере отырып автоматты түрде анықталады.

20__ жылғы “___” ___________________

  Нысан

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
______________________________
тел.___________________________
эл. мекенжайы _________________

Өтініш

Мені құқық қорғау қызметінің лауазымдарына орналасуға ____ санаты* бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.

Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

Тестілеу өту мекенжайы: ______________.

Тестілеу өтуді қалаған күні: _____________.

Тестілеу өтуді қалаған уақыты: ____________.

*Ескертпе: Тестілеу бағдарламасы кандидаттың таңдаған санатын ескере отырып автоматты түрде анықталады.

“___” ___________________ 20 __ ж.

7-қосымша

“Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына

Нысан  
   
Қолхат

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердің

________________________________________өтініші қабылданды.

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Тестілеу өту күні: _____________________________________________

Тестілеу өту уақыты: ___________________________________________

Тестілеу өту мекенжайы: ________________________________________

Ескертпе: Тестiлеуден өту кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тестілеудің шектi мәнінен төмен баға алған “Б” корпусы лауазымына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен “электрондық үкімет” порталы арқылы берілді.

20__ жылғы “___” ___________________

  Нысан

ҚОЛХАТ

Құқық қорғау қызметінің лауазымына орналасуға кандидаттың

_____________________________________ өтініші қабылданды.

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

Тестілеу өту күні: _____________________________________________

Тестілеу өту уақыты: __________________________________________

Тестілеу өту мекенжайы: ______________________________________

Ескертпе: тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған құқық қорғау қызметінің лауазымына орналасуға кандидаттар қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

Апелляциялық комиссиямен кандидаттың апелляциясы қанағаттандырылған жағдайда ол тестілеуді қайта тапсыруға жоғарыда көрсетілген мерзімді сақтаусыз жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен “электрондық үкімет” порталы арқылы берілді.

“___” ___________________ 20 __ ж.

8-қосымша

“Мемлекеттiк қызметшiлерді,
бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға
үміткерлерді және құқық қорғау
қызметіне алғаш рет кіретін
азаматтарды тестілеу”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
Нысан

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердіңҚолхат

_________________________________________өтініші қабылданды.

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Тестілеу өту күні: _____________________________________________

Тестілеу өту уақыты: ___________________________________________

Тестілеу өту мекенжайы: ________________________________________

Ескертпе: Тестiлеуден өту кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тестілеудің шектi мәнінен төмен баға алған “Б” корпусы лауазымына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

20__ жылғы “___” ___________________

  Нысан

ҚОЛХАТ

Құқық қорғау қызметінің лауазымына орналасуға кандидаттың

_____________________________________ өтініші қабылданды.

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))