МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында 4 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік істер қаралды.

Тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша төмендегі шешімдер қабылданды.

1) Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясының басшысы О.Пошановқа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  50-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының талаптарын сақтамағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

2) Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінің әкімі О.Жанқаловқа Қазақстан Республикасы мемлекеттік кызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 5 тармағының 3), 11) тармақшасының талаптарын сақтамағаны үшін қозғалған тәртіптік іс, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен оның мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін, аудан әкімінің оң мінездемесін ескеріп, тәжірибе жүзінде мұндай іс-әрекеттердің алдын болмағанын, алдағы уақыттарда мұндай кемшіліктерге жол бермеу керектігін ескертіп оған қатысты тәртіптік істі тоқтату ұсынылды.

3) Балықты ауылдық окургінің әкімі П.Тоқымбаевқа Кодекстің 5 тармағының 2), 14) тармақшасының талаптарын сақтамағаны үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

4) Ордабасы ауданы әкімі А.Мамытбековке Кодекстің 5 тармағының 3), 11) тармақшаларының талаптарын сақтамағаны үшін қозғалған тәртіптік іс тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды.

Сонымен қатар, жер саласындағы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Созақ, Ордабасы және Бәйдібек аудандары әкімдері орынбасарларының есептері тыңдалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *