МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ!

2018 жылдың 9 қараша күні сағат 17:30-18:30 аралығында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша facebook.com әлеуметтік желідегі Департамент парақшасында және memkyzmet.kz сайтында интернет-конференция өтеді.

Азаматтардан келіп түскен сұрақтарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Артықбаев Сәбит Айтбайұлы жауап беретін болады.

Егер, Сізде мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік шараға немесе оның мерзімінен бұрын алу, өтініштеріңізге мемлекеттік органдар тарапынан берілген жауаптарға қатысты шағымдарыңыз бен сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз, өтініштеріңіз болса қалдыруларыңызға болады.

Сіздің пікіріңіз Біз үшін маңызды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *