Мемлекеттік қызмет мектебі не үшін қажет?

Қазақстан Рес­публи­касының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесуге Халықаралық Гуманитарлық-Техникалық Университетінің 200-ден астам жоғарғы курс студенттері жиналды.

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында өткен кездесу Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының Кешенді жоспарына сәйкес мемлекеттік қызмет мектебін құру шеңберінде өтті.

Мемлекеттік қызмет мектебін құрудың басты мақсаты мемлекеттік қызметке дарынды әрі белсенді жастарды тарту, сондай-ақ болашақ мамандарға мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдысын алуға мүмкіндік беру болып табылады.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет мектебіне түсу, мемлекеттік қызметке іріктеу, сынақ мерзімі, мансаптық өсу, сондай-ақ факторлы-баллдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мәселелері талқыланды.

Өзіндік өмір табалдырығында тұрған студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға түсінік алды, ең бастысы: «Мемлекеттік қызмет мектебі не үшін қажет?» деген сұрақ болды. Ең белсенді студенттер бүгінде мектепке түсуге ниет білдірді.

Мемлекеттік қызмет мектебіне іріктеу Шымкент қаласының ЖОО-ның    4 курс студенттері арасында 2 кезеңде өткізіледі: тестілеу және әнгімелесу. Одан әрі іріктеуден өткен студенттер ҚР Президенті жанындағы басқару Академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында оқудан өтеді, оның қорытындысы бойынша сертификат беріледі.

Жоба аясында студенттерге Қазақстан Ресубликасының заңнамаларын білуге арналған тестілеуге дайындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жем­қорлыққа төзбеуші­лік­ті қалыптастыру мақсатындағы іс-шара­лар бойынша жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.

Қабылдау бойынша толық ақпаратты Департаменттің www.memkyzmet.kz ресми сайтынан, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан және  53-61-13 телефоны бойынша алуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *