Мемлекеттік қызмет мектебі жаңа буынмен толықты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша депратаментінде Шымкент қаласының жоғарғы оқу орындарының 3-4 курс студенттері мемлекеттік қызмет мектебіне қосылған жаңа өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов мектеп тыңдаушыларына жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметте еңбек етуге мол мүмкіндіктерінің бар екенін атап өтті. Мемлекеттік қызмет мектебінің мақсаты – жас, талантты, патриотты жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Оқу барысында жастар қаладағы мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтуге, ондағы мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызмет барысымен танысып, мемлекеттік қызметтің қыр-сырын жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді. Жиынға қатысушылар барлық сұрақтарына толық жауап алып, пікір алмасты. Мектеп тыңдаушылары мемлекеттік органның жұмысы мен департаменттің «Open space» форматындағы бір ашық алаңда қызметкерлердің жұмыс орындарымен жабдықталған офисімен таныстырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *