Мемлекеттік қызмет мектебі болашақ мамандар үшін!

Қазақстан Рес­публи­касының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаланың жоғары оқу орындарының студенттері арасында мемлекеттік қызмет мектебіне қабылдау туралы хабарлайды. Осыған орай ағымдағы жылдың 30 қазанында М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлектерімен кездесу өтті.

Мемлекетіміздің саясаты кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған болғандықтан, іс-шараның негізгі мақсаты болашақ мамандарды мемлекеттік қызметтегі реформалар туралы хабардар ету.

Жиналыста мемлекеттік қызметтің іріктеу институты, сынақ мерзімі, мансаптық өсу (меритократия қағидаты), сондай-ақ факторлық-баллдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік қызмет мектебінің мақсаты мемлекеттік қызметке ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттерге ие білімді, жауапты жастарды тарту, сондай-ақ болашақ мамандарға мемлекеттік органдардың жұмысымен танысу және тәжірибе жинау болып табылады.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы А. Нұрғали мемлекеттік қызмет мектебіне іріктеу Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының 4 курс студенттері арасында өткізілетінін айтты.

Болашақта мемлекеттік мектеп студенттеріне мамандықтар бойынша мемлекеттік органдарда практикадан өту мүмкіндігін ұсыну жоспарлануда.

Қабылдау бойынша толық ақпаратты Қазақстан Рес­публи­касының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің www.memkyzmet.kz ресми сайтынан, әлеуметтік желіде Instagram – @memkyzmet, facebook және 53-61-13 телефоны бойынша алуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *