Мемлекеттік қызмет мектебіне қабылдау жалғасуда

Қазақстан Рес­публи­касының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаламыздың жоғары оқу орындарының студенттерін мемлекеттік қызмет мектебіне қабылдауды жалғастыруда. Осыған орай, ағымдағы жылдың 6 қарашасында Департаменттің үшінші түсіндірме кездесуі өтті, осы жолы М.Әуезов атындағы ОҚМУ түлектерімен.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет мектебіне түсу, мемлекеттік қызметке іріктеу, сынақ мерзімі, мансаптық өсу (меритократия қағидаты), сондай-ақ факторлы-баллдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басында Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының Кешенді жоспарына сәйкес Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет мектебі өз жұмысын бастаған болатын.

Мемлекеттік қызмет мектебінің мақсаты – мемлекеттік қызметке білімді әрі белсенді жастарды тарту және болашақ мамандарға мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдысын алуға мүмкіндік беру.

Мемлекеттік қызмет мектебіне іріктеу Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының 4 курс студенттері арасында өткізіледі. Алдағы уақытта студенттерге Қазақстан Ресубликасының заңнамаларын білуге арналған тестілеуге дайындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жем­қорлыққа төзбеуші­лік­ті қалыптастыру мақсатындағы іс-шара­лар бойынша жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.

Қабылдау бойынша толық ақпаратты Департаменттің www.memkyzmet.kz ресми сайтынан, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан және  53-61-13 телефоны бойынша алуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *