2019 жылдың 12 наурыз күні сағат 15:00-16:00 аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Алиев мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы өзекті мәселелер бойынша memkyzmet.kz сайтында интернет-конференция өткізеді.
Егерде, Сізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты шағымдарыңыз бен сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз, өтініштеріңіз болса қалдыруларыңызға болады.
Сіздің пікіріңіз Біз үшін маңызды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіруге үлес қосыңыз.