МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРЫҢЫЗҒА ЖАУАП БЕРЕМІЗ!

2018 жылдың 8 қараша күні сағат 16:00-17:00 аралығында мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша facebook.com әлеуметтік желідегі Департамент парақшасында және memkyzmet.kz сайтында интернет-конференция өтеді.

Интернет-конференцияға келіп түскен сұрақтарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Алиев жауап беретін болады.

Егерде, Сізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты шағымдарыңыз бен сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз, өтініштеріңіз болса қалдыруларыңызға болады.

Сіздің пікіріңіз Біз үшін маңызды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіруге үлес қосыңыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *