Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанына оның тікелей басшысы жауапты!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына 2019 жылдың 26 қарашасында өзгерістер енгізілген болатын.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 3 айдан астам қызметте жұмыс істейтін мемлекеттік саяси қызметші, егер оның қарамағындағыларға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сот үкімі заңды күшіне енген болса немесе қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған болса, отставкаға беруге міндетті екені көрсетілді. Егер отставка қабылданбаса, онда саяси қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сонымен қатар, тікелей бағынышты қызметкерлерден сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес бөлімшелері басшыларының тәртіптік жауапкершіліктері көзделген.

Осыған байланысты, бағынысты қызметшілері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың отставкасы және жауапкершілігі институтын іске асыру бойынша іс-әрекеттер алгоритімі жасақталды.

Алгоритмнің орындалуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мониторинг жүргізіп, тиісті ақпараттарды Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігіне баяндап отырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *