МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2019 жылдың 1 ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында  қоғам өкілдері мен блогерлермен тренинг өткізді.

Іс-шарада Департаментпен 2018 жылы атқарылған жұмыстар талқыланып, қазіргі таңда жүзеге асырылып отырған жобалар таныстырылды.

Кездесу барысында Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Е.Жұмабаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқып, Департаменттің қоғам белсенділерімен атқарған жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ, ол азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру мақсатында құрылған «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен таныстырды.

Іс-шарада сөз алған Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Алиев мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесімен таныстырды. Сонымен қатар,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылғандығын жеткізіп, оны қолдану тәсілдері мен қосымшаның артықшылықтарына тоқталды.

Тренинг барысында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы А.Нұрғали Мемлекеттік қызметке үміткерлер үшін тестілеу ережесіне енгізілген  өзгерістермен таныстырды.

Сондай-ақ, кездесу соңында қоғам белсенділеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманының жобасы ұсынылып, қоғам белсенділері тарапынан қызу талқыланды.

Айта кетейік, Ұлттық баяндаманың толық нұсқасымен Департаменттің memkyzmet.kz сайтында таныса аласыздар (https://memkyzmet.kz/%d0%b2-%d1%81%d0%be%d0%be%d1%82%d0%b2%d0%b5%d1%82%d1%81%d1%82%d0%b2%d0%b8%d0%b8-%d1%81%d0%be-%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%82%d1%8c%d0%b5%d0%b9-17-%d0%b7%d0%b0%d0%ba%d0%be%d0%bd%d0%b0-%d0%be-%d0%bf/), ұсыныстарды intensiv2015@mail.ru поштасына қалдыруларыңызға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *