МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 55 мемлекеттік орган жұмысын атқаруда. Жалпы тұрғындардың саны 1млн. 46мың адамды құраса, жергілікті атқарушы органдардардағы мемлекеттік қызметшілердің саны 676 адам, аумақтық мемлекеттік органдардағы қызметшілердің саны  1256 адамды құрайды. Оның ішінде             10 – саяси, 1922 –  әкімшілік.

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны – 965 (50%) адам, оның ішінде басшы лауазымында – 124 (13%) адам.

29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметтегі жастардың саны 471(24,4%) адам.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 38 жасты құраса, орташа еңбек өтілі 9,8 жылды құрайды.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары және нысаналы индикаторларына сәйкес мемлекеттік қызметте таза ауысымдылық деңгейі 7,3% аспауы тиіс.

Осыған орай, жоғарыда көрсетілген Стратегиялық жоспарға сай                      І тоқсандық мәлімет бойынша Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылық деңгейі 0,97% құрап отыр.

286 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстар жарияланып, 696 – азамат конкурсқа қатысты, оның ішінен 127 азамат мемлекеттік қызметке тағайындалды. Ішкі конкурс бойынша 39 мемлекеттік қызметкер меритократия қағидатымен лауазымы жоғарылады. Ал, жалпы конкурстың бір мемлекеттік әкімшілік орнына орта есеппен 6 азамат қатысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *