МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ҚОЛ АЛЫСТЫ

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастырумен Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе «Мемлекеттік сатып алу барысында жиі жол берілетін бұзушылықтар және оларды алдын алу жолдары» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналысқа Агенттіктің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметшілері мен Шымкент қаласының кәсіпкерлері қатысты.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы
Әли Амантайұлы Көмекбаев және Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры Аскар Бегдаулетович Абубакиров жиналыстың басты мақсаты – мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтарды алдын-алу, бұзушылықтармен жалпы қоғам болып күресуге шақыру, ашықтықты және әділеттілікті қамтамасыз етуде бірлесе жұмыс жасау болып табылатынын атап өтті.

 

Бұл ретте, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан жүргізілген талдау қорытындысымен мемлекеттік қызметшілер тарапынан өрескел бұзушылықтарға мемлекеттік сатып алу саласында
жиі жол берілетіні анықталған.

 

Мемлекеттік сатып алу барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан көп жағдайда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін негізсіз қайтару, атқарылмаған жұмыстарға алдын-ала қаржы аудару, уәкілетті органның бұзушылықтарды жою жөніндегі хабарламаларын негізсіз орындамау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда және шешімдерді қабылдау кезінде мердігерлерге құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын сақтамай келісім-шарттарға отыру сияқты бұзушылықтарға жол берілетіні атап өтілді.

Оған қоса, Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарға жол берген қызметшілер қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанның өзінде, көп жағдайда мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасау деректері бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны және аталған деректер бойынша жұмыстан шығарылған тұлғалар мемлекеттік қызметке қайта орналасу мүмкіндігінен айырылатыны жиналысқа қатысушыларға қатаң ескертілді.

 

Жиналыс барысында Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының өкілдері Мемлекеттік сатып алу барысында жиі жол берілетін бұзушылықтар және оларды алдын алу жолдары тақырыбында баяндамалар жасап, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерге бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған тиісті түсіндірмелер берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *