Мемлекеттік қызметшілер ескертілді!

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегі күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жаңадан құрылған жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен, персоналды басқару қызметінің өкілдерімен және әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесті.

Мемлекеттің саясаты бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталғандықтан, шараның негізгі мақсаты заңнаманың негізгі талаптарын түсіндіру, мемлекеттік орган жұмысының барысында жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы жиындағылардың назарына салу болып табылады.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің ауысымдылығы, мемқызметшілерді оқыту, жаңадан қабылданғандарға сынақ мерзімін белгілеу,  сонымен қатар, меритократия қағидаты (мансаптық өсу) мәселелері талқыға түсті.

Мысалы, 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сәйкес, облыстағы кадрлардың таза ауысымдылығы – 2% құраса, 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сәйкес бұл көрсеткіш – 2,1% құрады.

2018 жылдың І жартыжылдығында оқытылған мемлекеттік қызметшілер саны 945 құрады, 2017 жылдың тиісті кезеңінде бұл көрсеткіш 845 қызметшіні құрады.

2018 жылдың бастапқы екі тоқсанының қорытындысы бойынша меритократия қағидаты бойынша 71,8 % мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға тағайындалды, 2017 жылдың І жартыжылдығымен салыстырған бұл көрсеткіш 58,5% құрады.

Ә.Көмекбаев барлық меморгандардың басшыларына заңның міндеттерін қатаң сақтау бойынша талап қойып, оларды сақтамаған жағдайда оның жауапкершілігі туралы ескертті.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғалы бері, қалалық бөлімдер басқармалар болып атаулары өзгеріп, қайта құрылды.

Қазіргі таңда, қалада штат саны 721 лауазымды құрайтын 22 басқарма жұмыс жасайды.

Одан бөлек, орталық атқарушы мемлекеттік органдардың Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменттері құрылды. Қазіргі таңда 25 аумақтық мемлекеттік органдардың штат саны 1300-ге жуық  лауазымды құрайды.

Сондай-ақ, Департамент басшысы Департаменттің Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы,3 ескі мекен-жайында орналасқандығын, сонымен қатар, сенім телефонының «WhatsApp» (8-702-201-51-51), 51-51-51, Департаменттің facebook.com әлеуметтік желісіндегі арнайы парақшасы (Департамент по делам госслужбы и противодействию коррупции по г.Шымкент) екендігін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *