Мемлекеттік қызметшілердің сенімі!

Брифинг барысында мемлекеттік қызметшілердің мансаптық үлгіге деген сенімі туралы сұрақтар қарастырылды.

Әли Амантайұлының атап өткендей, жетекші шетелдік сарапшылардың пайымдауынша, тәуелсіздік жылдарындағы мемқызметтің қазақстандық үлгісі жыл сайын халықаралық стандарттарға жақындап келеді.

Мемқызметтің бұдан әрі дамуы мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттілігін, кадрлық әлеуетінің күшеюін, әкімшілік мемқызметшілердің кәсіби корпусын қалыптастыруын қамтамасыз етеді.

Сондықтан 2005 жылдан бастап мемлекет Президентінің талаптары бойынша қазақстандық мемлекеттік қызмет мансаптық үлгіге өтті. Бұл мемаппараттың дамуындағы жаңа сапалы кезең болды.

Заманауи мансаптық үлгінің маңызды артықшылығы болып – меритократия қағидаттары (мансаптық өсу), командалық ауысушылықты болдырмау және мемлекеттік аппараттағы төмен ауысымдылық.

2018 жылдың 1 жартыжылдығындағы жағдайына сәйкес, оңтүстік аймақта ішкі конкурстардың нәтижесі бойынша 71.8% қызметшілер меритократия қағидаты бойынша жоғарылады, 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш барлық ішкі конкурстардың тек  25% құрады.

Сондай-ақ, мемлекеттік сектордан кадрлардың кету жағдайы жақсарды, мәселен 2018 жылдың 1 жартыжылдығында аймақтағы таза ауысымдылық көрсеткіші 2,2% құрайды, ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 15,8% құраған болатын.

Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 жартыжылдығында оңтүстік өңіріндегі 576 мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын 8769 мемлекеттік қызметшілердің  50%-нан жоғарысында 10 жылдан аса мемлекеттік қызмет өтілі бар.

Осы адамдар жүйенің барлық артықшыларын біліп, өз өмірлерін халыққа қызмет етуге арнап отырған мемлекеттік қызметтің ұйытқысы болып табылады.

Мансаптық үлгі нақ осы қызметке берілген, өз ісінің мамандары болып табылатын азаматтарды қорғауға бағытталған.

Қазіргі мемлекеттік қызметші өзінің қызметтік мансабының тұрақтылығына сенімді және өз болашағын ауқымды жоспарлай алады.

Сондай-ақ, Департамент басшысы айтқандай, мансаптық үлгіні енгізумен қатар, бұрын заңда қолданылмаған «біліктілік» ұғымы да бекітілді. Біліктілік – бұл сапалы әрі нәтижелі қызметке алып келетін білім, шеберлік пен дағды. Қызметші жұмысты басқару барысында, мемлекеттік орган мақсатына қол жеткізуде оның лауазымының қалай ықпал ететінін түсінуі керек.

Егер ол қатардағы қызметші болса, ол өзінің жұмысқа қосатын жоғары нәтижеге бағытталған үлесін бағалай білуі керек. Бұл үшін олар тікелей міндеттермен көзделмеген, қосымша жұмысты орындауға бастама танытып отыруы керек. Оның қосымша шығармашылық және интеллектуалды қабілеттері, яғни кәсіби саладан басқа пайдалы қабілеттері болуы керек.

Яғни, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң мемлекеттік аппараттағы біліктілік пен кәсібилікті жоғарылатуда екпін қоя отырып, «Біздің міндет – халыққа қызмет» қағидатын жүзеге асыру үшін осы қабілеттерге баға береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *