МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТЕН БАСҚА ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕР ДЕ МАҢЫЗДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің және Түркістан облысы мен Шымкент қаласының статистика департаменттері басшыларының қатысуымен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

 

Кездесу барысында Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Оразғұлов, Түркістан облысының статистика департаментінің басшысы А.Әбілдәбеков, Шымкент қаласының статистика департаментінің басшысы Е.Құлтаев және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі С.Артықбаев тарапынан жиналысқа қатысушыларға мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын атап өтіп, әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғанда өзін өзгертетін шешім қабылдайтынын, өзіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің басты міндеті халыққа қызмет көрсету болып табылатынын түсінулері қажет екендігін ескертті.

 

Департаменттің өкілі С.Артықбаев жиналысқа қатысушыларға әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыстағы және одан тыс уақыттағы іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне қарап, жалпы мемлекеттік қызмет жүйесіне баға берілетінін, мемлекеттік қызметте кәсіби біліктіліктен басқа жеке қасиеттер де маңызды екендігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметші қызмет орнында әріптестер арасындағы қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта, жұрт алдында және бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлегенде әдептілікті сақтау қажеттігін түсіндірді.

 

Оған қоса, жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілердің сыйлық және сыйақы қабылдау мәселесіне ерекше тоқталып, Сыйлықтар берілген күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде ерікті түрде арнайы қорға тапсырылуы, ал алынған қаражат екi аптадан аспайтын мерзiмде республикалық бюджетке аударылуы қажет.

Осы ретте, аталған мерзімдердің бұзылуы қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін негіз болатыны және атқаратын мемлекеттік лауазымдарынан босатылатынын атап өтті.

 

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдептілік талаптарын өрескел бұзу деректері орын алған жағдайда Департаменттің 51-51-51 сенім телефонына, Департамент facebook жүйесіндегі мекен-жайы: facebook.com/depshymkent  парақшасына және Департаменттің WhatsApp телефон 8-702-201-51-51 нөміріне хабарласуға болатыны жиналысқа қатысушыларға қатаң ескертілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *