Мемлекеттік қызметте жемқорлыққа орын жоқ

Шымкент қаласы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармармаларының қызметкерлері, «Шымкент сушар» және «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК басшылығы қатысты.

Іс-шараны жүргізген Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен сыбайлас жемқорлықтың себеп салдарын жан-жақты түсіндіріп өтті.

«Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады деп атап өткен болатын. Бұл тұрғыда Агенттік тарапынан тиісті жұмыстар, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Алайда, сыбайластықпен күрес тек Агенттіктің ғана емес, бүкіл қоғамның, бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің міндеті. Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу керек» деп атап өтті Ж.Әлжанова.

Дөңгелек үстел барысында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *