Мемлекеттік қызметке үміткерлер үшін тестілеу ережесіне өзгерістер енгізілді.

Бұл туралы брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы А.Нұрғали хабарлады.

Сонымен, құзыреттілікті бағалау жүйесі жетілдірілді.

«Өздеріңіз білетіндей, іріктеудің бірінші кезеңінде азаматтар заңнаманы білуге тестілеуден өтеді, онда шекті мәндер белгіленеді. Екінші кезеңде кандидаттың жеке қасиеттері бағаланады – енді құзыреттер басқару деңгейлері бойынша базалық және сараланған болып бөлінеді. Сұрақтар психометриялық міндеттер мен кейстерге негізделген, олар кандидат туралы толық көрініс береді. Бұл көрініс  конкурстық комиссиялар үшінші кезеңде әңгімелесу өткізу кезінде есепке алады» – деді Алмаз Нұрғали.

Бағалауға нақтылық деңгейін анықтауға арналған сұрақтар енгізілгенін атап өту қажет. Жауаптардың нақтылығы 50% – дан кем болған жағдайда, тестілеу өтпеді деп есептеледі. Белгіленген шектерден өтпеген азаматтар тестілеуден 1 айдан кейін қайта өте алады.

«Сонымен қатар, мемлекеттік органдар арасында конкурстар өткізу кезінде қағаздағы құжат айналымы жойылды. Бұған дейін конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер қызметтік тізім алу үшін кадр қызметіне жүгінуге мәжбүр болатын. Кейіннен оларды мемлекеттік органға жіберілетін. Енді ішкі конкурстар кезінде құжаттарды “Е-қызмет”, “Е-gov” жүйелері арқылы электронды түрде немесе мемлекеттік органның электрондық поштасына жіберіледі» –деп атап өтті Басқарма басшысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *