МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҮМІТКЕРЛЕРМЕН СҰХБАТ ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕХНИКАСЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Астана мемлекеттік қызмет хабы мен HR менеджерлері ассоциациясының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметке үміткерлермен сұхбат жүргізудің техникасы» тақырыбында 2 күндік оқыту тренингі басталды.

Департамент басшысы Ә.Көмекбаев адами ресурстарды басқаруда және конкурстық іріктеу ісінде персоналды басқару қызметтерінің рөлін айрықша атап өтіп, екі күндік жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тренинг барысында конкурстық іріктеу ісін жетілдіру мен үміткерлердің әлеуетін бағалауда заманауи жүйелерді қолдану жолдары талқыға түсуде.

Аталмыш тренингке Алматы мен Шымкент қалалары, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының персоналды басқару қызметтерінің мамандары бас қосуда.

Оқыту сабақтары 2019 жылдың 11-12 наурызы аралығында өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *