МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУДАҒЫ ОҢТАЙЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бастамасымен «Мемлекеттік қызметке орналасу ережелеріне» бірқатар өзгерістер енгізілді. Өзгерістердің басым бөлігі мемлекеттік қызметке қабылдану барысындағы әңгімелесу рәсімдерін жеңілдетуге қатысты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік әкімшілік лауазымға үміткер кез келген азамат конкурсақа құжаттарын электронды түрде жолдап, әңгімелесу рәсіміне мемлекеттік органға келу қажеттілігінсіз, үйінде отырып қашықтықтан онлайн түрде әлеуметтік желі қосымшалары (Zoom, Skype, Whatsapp т.б.) арқылы қатыса алады. Бұл, өз кезегінде, үміткерлердің уақытын, қаражатын үнемдеуге ықпалын тигізгенін атап өткен жөн.

«Мемлекеттік қызметке орналасу ережелеріне» өзгерістер енгізу уақыты Елімізде төтенше жағдайдың орнауымен тұспа-тұс келді. Осы орайда,               ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті тарапынан қаладағы мемлекеттік органдардың 30 мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурстар жарияланып, барлық конкурс кезеңдері толықтай онлайн режимде өткізілді.

Мәселен, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс арқылы бас маман болып тағайындалған Е.Әбілмәжінов: «Орын алған өзгерістер әңгімелесу рәсіміне кез келген жерден қатысу мүмкіндігі мен үшін өте ыңғайлы болды. Себебі, карантин кезінде үйден шықпай конкурсқа құжаттарымды тапсырып, әңгімелесу рәсіміне қатысу мүмкіндігін тудырды» – деп оң пікірін білдірді.

Бұдан бөлек, әрбір кәмелетке толған әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы әңгімелесу рәсіміне байқаушы есебінде қатыса алады.

Осы ретте, Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратында өткізілген конкурсқа онлайн режимде байқаушы есебінде қатысқан азаматша               М.Ергашеваның пікірінше үміткерлерге лауазымдарына сәйкес сұрақтар қойылып, ашық түрде айқындалған тәртіппен өткендігін мәлімдеді. Онлайн режимде өткен әңгімелесу конкурс комиссиясының жұмысына кедергі жасамағанын атап өтіп, өзінің оң пікірін білдірді.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға өткізілетін барлық конкурстардың заңға сәйкес және қабылданған ережелерге сай өткізілуі Шымкент қаласы бойынша Департаменттің басты назарында. Енгізілген өзгертулер азаматтар үшін мемлекеттік қызметке орналасу рәсімін жеңілдетеді және өткізілетін конкурстардың ашықтығына кепіл болары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *