МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРТІЛДІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің «ANTIKOR Live» жобасында Департамент басшысының орынбасары А.Раева сұхбат берді.
Агенттік Төрағасының “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, конкурсқа қатысушы үміткер өзінің құжаттарын электронды түрде жолдап, үйінде отырып қашықтықтан онлайн түрде әлеуметтік желі қосымшалары арқылы қатысуға мүмкіндігі пайда болды.

Сондай-ақ, жалпы конкурсқа қатысушы үміткерлер өздерінің өтінішіне тек екі құжатты: білімін растайтын құжаттың көшірмесін және қызметтік тізімнің көшірмесін қоса ұсынатынын атап өтті. Қалған талап етілетін құжаттарды конкурстық комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат ғана тапсырады.

Сонымен қатар, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына өткізілетін конкурстарға қатысатын байқаушылар тобы барынша кеңейтілді. Енді әрбір 18-ге толған қабілетті азаматты конкурсқа байқаушы ретінде шақыруға болады.

Соңғы түзетулерге сәйкес, әңгімелесу конкурс жеңімпазын таңдау кезінде жалғыз өлшем болып табылмайды. Бұл ретте, конкурстық комиссиясы лауазымның ерекшелігіне байланысты үміткерлерден тиісті саладағы проблемаларды және олардың шешу жолдары бойынша презентация жасауды, кейстік немесе практикалық тапсырмаларды шешуді және т.б. сұрай алады.

Бұдан бөлек, Департамент басшысың орынбасары жиында енгізілген өзгерістермен қатар «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының талаптары мен өткізу мерзімдері барысы туралы кеңінен ақпарат берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *