Февраль 22, 2017

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

“II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығы)

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – II санаттағы объектілер үшін – бір айдан, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспайды;

қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – II санаттағы объектілер үшін – он жұмыс күнінен, III және IV санаттардағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайды;

алдын ала сараптама – үш жұмыс күнінен аспайды;

Қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылданған кезден бастап үш жұмыс күн аралығында ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

Егер ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталса қызмет беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қарастырылмайтынын жазбаша түрінде дәлелдеп қайтарады.

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандаарының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша “келісіледі/келісілмейді” деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қағаз түрінде жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қағаз түрінде жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және оның қолтаңбасымен куәландырылады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызмет алушының “жеке кабинетіне” жолданады.

Қажетті құажаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

өтінімді бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі БАҚ) жарияланғанын растайтын материалдар;

жобаның электрондық нұсқасы;

эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына:

эмиссиялар нормативтерiнiң жобаның электрондық нұсқасымен қоса;

iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары, келесі құрамда:

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;

2) Мемлекеттік корпорацияға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім;

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

өтінімді бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі БАҚ) жарияланғанын растайтын материалдар;

жобаның электрондық нұсқасы;

эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына:

эмиссиялар нормативтерiнiң жобаның электрондық нұсқасымен қоса;

iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары, келесі құрамда:

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;

3) порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім;

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижесінің электронды көшірмесі;

өтінімді БАҚ-та жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі;

жоспарланған қызметтің экологиялық салдары туралы өтінімнің электронды көшірмесі.

эмиссиялар нормативтерінің жобалары, келесі құрамда:

эмиссиялар нормативтерінің жобалары.

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі эмиссиялар нормативтері жобасы.

әзірлеген іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі жобалары, келесі құрамда:

өтінімді БАҚ-та жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі.

Жеке басты куәландыратын құжаттарлың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттарының мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызмет беруші “электрондық үкімет” шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы келісімін береді.

Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады;

Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда, сәйкесінше құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Бір ай өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін

Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат;

порталға – “жеке кабинетіне” мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

                                                          1-қосымша

“II, III және IV санаттардағы
объектілер үшін мемлекеттік
экологиялық сараптама
қорытындысын беру”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

 

Нысан

 

Өтініш иесі (ұйымның атауы)
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы

__________________________________________________________________

(құжаттың, жобаның атауы)

Материалдар әзірленген______________________________________________

(әзірлеуші жоба ұйымының толық атауы)

Жоба-материалдарына тапсырыс беруші _______________________________

(тапсырыс беруші ұйымның толық атауы, мекен жайы)

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарастыруға ұсынылды:

_____________________________________________________________________

(жобалық құжаттың атауы, ұсынылып отырған басқа құжаттар, материалдардың толықтығын атау)

Материалдар қарастыруға келіп түсті _______________________ 20__ жылы

(күні, тіркеудің кіріс нөмері)


 

2-қосымша

“II, III және IV санаттардағы
объектілер үшін мемлекеттік
экологиялық сараптама
қорытындысын беру”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

 

Кімге _______________________________________

(мемлекеттік органның толық атауы)

кімнен ______________________________________

(өтініш берушінің толық атауы)

Мекенжайы _____________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)

Өтініш берушінің деректемелері ____________________

(ЗТ/ДК мем. тіркеу туралы куәлігінің №, ЖСН/БСН)

 

Мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуге
ӨТІНІШ

____________________________________________________________

____________________________________________________________

(жобаның толық атауын көрсету керек)

жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуді сұраймын.

Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

Басшы __________________ _________________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мөрдің орны (болған жағдайда)

20__ ж. “___”______________


 

3-қосымша

“II, III және IV санаттардағы
объектілер үшін мемлекеттік
экологиялық сараптама
қорытындысын беру”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

 

 

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

“Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 cәуірдегі Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының (мекенжайын көрсету керек) №__ бөлімі Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:

1) ___________________________________________________________;

2) ___________________________________________________________;

3) ________________________________________________________

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)

Орындаушы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

___________________________________________

Телефон ____________________________________________________

Алдым: көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/ қолы

“__” _________ 20__ж.