Февраль 25, 2017

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығы

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкімет»: www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіге – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.
Өтініштер мен құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді.

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) үшін жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді орналастыру және салу жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
объектілерді орналастыруға және салуға арналған жобалау құжаттамасы;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
объектілерді орналастыруға және салуға арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;
2) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді реконструкциялау, күрделі жөндеу жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасы;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;
3) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму нормативтік құжаттамалары жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалар және нормативтік құжаттама;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобаның және нормативтік құжаттаманың электрондық көшірмесі;
4) жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің, су қоймаларының санитариялық қорғаныш аймағын белгілеу бойынша жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жобалау құжаттамасы, оның ішінде гидрогеологиялық зерттеулер және су сапасының қорытындысы;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жобалау құжаттамасының, оның ішінде гидрогеологиялық зерттеу және су сапасының қорытындысының электрондық көшірмесі;
5) санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі құжаттама жобаларына, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстары, өндіру жөніндегі құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жоба, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстары, өндіру жөніндегі құжаттама жобасы;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жобаның, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстарының, өндіру жөніндегі құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
6) қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысын салудың бас жоспарлары, елді мекендер құрылысын салуды жоспарлау жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысын салудың бас жоспарлары, елді мекендер құрылысын салуды жоспарлау жобалары;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысын салудың бас жоспарлары, елді мекендер құрылысын салуды жоспарлау жобаларының электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
өкіл жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерін көрсете отырып, жеке тұлғалар үшін – сенімхаттың нотариалды расталған көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға сенімхатының көшірмесі ұсынылады (түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады).
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды сканерлейді және оларды электрондық өтінішке қоса тіркейді, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке басын куәландыратын құжат және (не сенімхат бойынша оның өкілі) сенімхатты көрсеткен кезде қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;
сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттардың берілген күні;
құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

1-қосымша         

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық  
бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық
маңыздылығы жоғары объектілерді салу,    
реконструкциялау және кеңейту жобаларына,  
қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық
аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының   
жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау    
жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық  
қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына 

нысан

_________________________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.(болған жағдайда)
_________________________________________
жеке немесе заңды тұлғаның аты,
мекенжайы
_________________________________________
(ЖСН/БСН)
_________________________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны

Өтініш

Сізден_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жобаның атауы)
жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама
жүргізуді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді
сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Қолы
күні, айы, жылы

Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
3.