Февраль 22, 2017

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану

 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығы)

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті орман шаруашылығы саласында функцияларды жүзеге асыратын облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызметті       беруші)          көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1)        көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні;

 

Қажетті құажаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті        берушіге:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты            мемлекеттік тіркеу туралы           өтініш;
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты     (3данада);
порталға:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында шартты          мемлекеттік тіркеу туралы сұрау салу;
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының            электрондық            көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Көрсетілетін қызметті берушіге – құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі қағазға басылған түрінде өтініштің қабылдануының дәлелі болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранымды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет   көрсетуден            бас     тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс                        еместігі         белгіленуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/41 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10489 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.


 

Қосымша         

«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ
мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 
қосымша   

Нысан

_____________________________________________________________ басшысы
(мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – атауы, орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
телефон: ______________________

Өтініш

Мен (біз) ___________________________________________________________
(жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – толық атауы)
_____________________________________________________________________
(орман иеленушінің атауы және орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жасалған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеуді, қайта тіркеуді, бұзуды (керегінің
астын сыз) сұраймын (сұраймыз).

Ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ______ 20__ жылғы «__» ___________
Өтінішке қоса берілді 1. ______________________________________
2. ______________________________________
3. ______________________________________
Күні _____________                        ___________________________
(өтініш берушінің қолы)