МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЕСКЕРТУ

2018 жылдың 7 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, әдеп жөніндегі уәкілдер, персоналды басқару және заң қызметі өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Іс-шарада баяндама жасаған Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Е.Жұмабаев мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жүргізу жолдарын түсіндіріп, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тарапынан ішкі талдау жүргізілу қажеттігін ескертіп, қорытындысы Департамент жанындағы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатынын хабарлады.

Сонымен қатар, қатысушыларға Департамент тарапынан                          2018 жылдың 1 жартыжылдығында 13 мемлекеттік мекеменің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілгендігі айтылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындысымен               145 ұсыным енгізілген.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Агенттіктің бастамасымен іске асырылып жатқан «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы жүзеге асырылып жатқандығын, осы жобаға қатысуға ниет білдірген инвесторлар Департамент қорғауында болатындығы хабарланды.

Баяндама барысында «Қоғамдық бақылау картасы» аясында колледждерге түсу кезінде білім беру гранты мен мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындаудағы конкурстық комиссияның жұмысына қоғам өкілдері тарапынан бақылау жүргізілгендігі сөз етілді.

Биыл өңірдегі 94 колледждің 61 колледжіне 11 475 грант бөлінген. Аталған қабылдау комиссиясының жұмысына 130-дан астам қоғам өкілдері бақылау жүргізді».

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тап болған жағдайда немесе алдын алу бойынша ұсыныстар мен пікірлерді  Департаменттің «WhatsApp» (8-702-201-51-51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында хабарлама қалдыруға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *