Мемлекеттік және әскери қызметшілер алғыс айту күнін атап өтті

Бүгін, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 1 наурыз – Алғыс айту күнін атап өтті.

Іс-шара барысында алғыс айту күні – қайырымдылық пен достықтың, ортақ тарихқа деген құрмет көрсетудің, қолдау білдірудің жарқын мерекесі екендігі аталып өтті.

Іс-шараға қатысқан өзбек этномәдени орталығы жастарының төрағасы Д.Махамбаев, қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы  әжелер тобы қос мекеме қызметшілерін көктемнің алғашқы күнімен және 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтап, мерекелік ән тарту етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *