Февраль 22, 2017

Мемлекеттік гранттар беру

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 сәуірдегі №352 бұйрығы)

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 48 (қырық сегіз) жұмыс күні ішінде;

 

Қажетті құажаттар тізбесі:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге        қатысуға            өтінім;
заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтама;
бизнес-жоба;
Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау     құнын растайтын            құжаттар;
кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9-1.    Көрсетілетін             қызметті        беруші           мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс              еместігін            анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден    бас     тартады.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


 

 

Қсымша  

«Бизнестің жол картасы – 2020» 
бизнесті қолдау мен дамытудың  
бірыңғай бағдарламасы     
шеңберінде мемлекеттік гранттар
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметі стандартына қосымша  

Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде
шағын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттарды
беру үшін конкурстық іріктеуге қатысуға
ӨТІНІМ

_____________________________________________________________________
(бұдан әрі – Кәсіпкер)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; жеке кәсіпкердің
тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжаттың деректері)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; жеке кәсіпкердің
тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(қала (аудан) кодын көрсете отырып, байланыс телефонының нөмірі,
электронды пошта мекенжайы)
_____________________________________________________________________
(банктік деректемелері)
_____________________________________________________________________
(салық салу жүйесін көрсету)
_____________________________________________________________________
(негізгі қызмет бағытын көрсету)
_____________________________________________________________________
(экономика саласын көрсету)
_____________________________________________________________________
(өтінімді беру сәтіне жалдамалы жұмыскерлердің орташа санын көрсету)
_____________________________________________________________________
(ұйым басшысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны)
_____________________________________________________________________
(жобаның жауапты орындаушысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны)

ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттарды (жеке бизнесін құруға) беру үшін конкурстық іріктеуге қатысу туралы мәлімдейді.
Кәсіпкер конкурстың шарттарымен танысқан және осы өтінімнің қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды береді.
Кәсіпкер бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімінен кешіктірілген берешектің жоқ екендігін растайды.
Кәсіпкер өзі ұсынған мәліметтердің шынайы болып табылатындығын растайды, және Конкурстық комиссияның мәліметтерін іріктеп тексеруге қарсылық білдірмейді.
Кәсіпкер, осы өтінімге қол қоя отырып, келесілерді мәлімдейді және кепілдік береді:
1. Осы өтініммен бірге, немесе жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық мәліметтер, ақпарат және құжаттама шынайы болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толығымен сәйкес келеді, аталған мәліметтер өзгертілген жағдайда кәсіпкер көрсетілетін қызметті берушісіне дереу хабарлауды міндетіне алады.
2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпаратты және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушісінің алғашқы талап етуі бойынша беруге және ашуға міндеттенемін.
3. Көрсетілетін қызметті беруші аталған куәландырулар мен кепілдемелердің шынайылығын тексермейді.
4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.
5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреттілігі осы өтінішті берілген өтінішке қол қоятын тұлғаға беруге мүмкіндік беретіндігін растайды.
6. Көрсетілген мәліметтер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда берілген өтініштің көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталатын кез келген кезеңде қабылданбайтындығымен келісемін, бұл жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қабылдамау себептерін жарияламауға құқылы.
Кәсіпкер көрсетілетін қызметті берушіге төмендегілер бойынша өз келісімін береді:
1. Көрсетілетін қызметті беруші осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және Кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарастыру мақсатымен мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
2. Осы өтініште берілген барлық мәліметтер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама аясында мемлекеттік гранттарды беру үшін ғана ұсынылған.
3. Көрсетілетін қызметті беруші Кәсіпкер хабарлаған кез келген өзі туралы ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал Кәсіпкер ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы, мемлекеттік грант берілмеген болса да көрсетілетін қызметті берушісінде сақталатын болады.
4. Көрсетілетін қызметті берушісі осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ Кәсіпкердің ықтимал шығындары (мақсатты грантты алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге, және басқаға) көрсетілетін қызметті берушісі мақсатты грантты беру немесе Кәсіпкердің шығасыларын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Грантты беру мәселесін қарау тәртібімен танысқанын және келісетіндігін растайды, кейін көрсетілетін қызметті берушісіне наразылық білдірмеймін.

Жеке кәсіпкер/
Заңды тұлға басшысының лауазымы _______________ ___________
(қолтаңба)      (ТАӘ)

МО