МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін атап өтті.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуде сөз алған Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда Департаментпен атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, Елбасымен берілген тапсырмаларды орындау және шешу жолында тізгін басында тек қана туған елінің өркендеп өніп-өсуі үшін шынайы патриоттар, кәсіби шеберлер қалатындығын айтты.

Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алу және жол бермеу жолдарын талқыға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *