Көші-қон қызметі орталығы қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа шек қоюда.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте қарқынды, жан-жақты, жүйелі жұмыс жүргізуіміз қажет болса, соның ішінде тұрмыстық жемқорлықты түбегейлі жоюымыз керек.

2018 жылдың 14 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен  Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның ОҚО бойынша филиалы «Көші-қон қызметі орталығымен» бірлесіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін жою мақсатында орталық қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте, мемлекеттік қызмет көрсету саласының азаматтар мен шенеуніктердің тікелей жолығуына мүмкіндік беретін, тікелей байланыс арқылы жемқорлыққа жағдай туатын бірден-бір орны екендігін және жемқорлықтың фактілері анықталған кезде қылмыстық және әкімшілік жазаға алып келетіндігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Деапартамент басшының орынбасары А. Шілманов көші-қон қызметі орталығында бір-қатар кемшіліктерді атап, оларды жою және алдын алу мақсатында қатаң ескертті.

Көші-қон қызметі орталығы басшылығының тарапынан қызметкерлердің ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын, стандарттар мен регламенттер және басқада заңнаманың орындалуын қадағалап, сапалы мемлекеттік қызметті азаматтарға ұсынатын болады деп сенеміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *