Февраль 25, 2017

«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) ТЕБ-те:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 сағат;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
бір көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат;

 

Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 540-бабына сәйкес:
1) КҚТК беру үшін – ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 125 пайызын;
2) автомобильге МТНБ – АЕК-нің 280 пайызын;
3) автомобильге (олар үшін мемлекеттік баж көлемі 280 пайызды құрайтын мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының МТНБ-ны қоспағанда) 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгісіндегі МТНБ үшін – АЕК-нің 13 700 пайызын;
4) автомобильге (олар үшін мемлекеттік баж көлемі 280 пайызды құрайтын мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының МТНБ-ны қоспағанда) 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгісіндегі МТНБ үшін – АЕК-нің 22 800 пайызын;
5) мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне МТНБ – АЕК-нің 140 пайызын;
6) «Транзит» МТНБ – АЕК-нің 35 пайызын құрайды.
Салық кодексінің 456-бабына сәйкес көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік алым:
механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркемені мемлекеттік тіркеу үшін – АЕК-нің 0,25 пайызын;
гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар, жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын және жүргізуші орнынан басқа, отыруға арналған орын саны сегізден аспайтын, М1 санатындағы механикалық көлік құралдарын – жеңіл автомобильдерді (бұдан әрі – М1) бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылға дейін – АЕК-нің 0,25 пайызын;
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылдан 3 жылға дейін – 25 АЕК;
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан асқан – 250 АЕК;
электр қозғалтқышы бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылға дейін – АЕК-нің 0,25 пайызын;
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылдан 3 жылға дейін – 50 АЕК;
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан асқан – 500 АЕК;
жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынан басқа, отыруға арналған орын саны сегізден асатын, техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы 5 тоннадан аспайтын – М2 санатындағы, жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынан басқа, отыруға арналған орын саны сегізден асатын, техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы 5 тоннадан асатын – М3 санатындағы, жүктерді тасымалдауға арналған, 3,5 тоннадан аспайтын техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы бар – N 1 санатындағы, жүктерді тасымалдауға арналған, 3,5 тоннадан асатын, бірақ 12 тоннадан аспайтын техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы бар – N 2 санатындағы және жүктерді тасымалдауға арналған, 12 тоннадан асатын техникалық рұқсат етілген барынша жоғары массасы бар – N 3 санатындағы механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылға дейін – АЕК-нің 0,25 пайызын;
шығарылған жылын қоса алғанда, 1 жылдан 3 жылға дейін – 240 АЕК;
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейін – 350 АЕК;
шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жылдан асқан – 2500 АЕК құрайды.
Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операциялары түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленеді.
Мемлекеттік корпорацияда және порталда мемлекеттік бажды төлеу «электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.
Салық кодексінің 546-бабына сәйкес автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру кезінде мемлекеттік баж төлеуден:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-анасының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар босатылады.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:
            1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 862 бұйрық) бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі (бұдан әрі – акт);
жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
мемлекеттік баж бен алымның төленгенін растайтын құжат;
көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағаны үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
тіркейтін орган беретін, заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін растайтын анықтама, жарғы (салыстырып тексеру үшін) және олардың көшірмелері;
техникалық құжат;
КҚТК, МТНБ және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
№ 862 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша көлік құралын қарап тексеру актісін (бұдан әрі – қарап тексеру актісі) ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар жатады;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентіне (бұдан әрі – 018/2011 КО ТР) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:
жеке тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – КО/ЕЭО) бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;
018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды:
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мекенжай анықтамасы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2) Көлік құралын мемлекеттік тіркеу есебінен шығару үшін:
акт;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын растайтын құжат;
тіркейтін орган беретін, заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін растайтын анықтама, жарғы (салыстырып тексеру үшін) және олардың көшірмелері;
МТНБ және КҚТК (бар болған кезде);
көлік құралын қарап тексеру актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар жатады.
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ есептен шығаруды жүргізер алдында көлік құралын, иесін және иесінің өкілін ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша олардың іздестіруде болуы мәніне тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеріс нәтижесі көлік құралын тіркеу актісіне қосылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
мемлекеттік баж бен алымның төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағаны үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
техникалық құжат;
КҚТК, МТНБ және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралын қарап тексеру актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар жатады;
018/2011 КО ТР 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:
жеке тұлғалар КО/ЕЭО бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;
018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды:
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылады.
2) Көлік құралын мемлекеттік тіркеу есебінен шығару үшін:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын растайтын құжат (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсыну талап етілмейді);
МТНБ және КҚТК (бар болған кезде);
мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралын қарау актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
СІМ-нің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар жатады.


 

1-қосымша       

«Көлік құралының сәйкестендіру  
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік 
тіркеу және есепке алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
     

Нысан

Құжаттарды қабылдау туралы
№_____ қолхат

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін
мемлекеттік қызметтің атауын көрсету)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (ол болған жағдайда) немесе
заңды тұлғаның немесе олардың өкілдерінің атауы)

Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
4.__________________________________________________________
5.__________________________________________________________
6.__________________________________________________________
7.__________________________________________________________
8.__________________________________________________________
9.__________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Қабылдаған:
_______________________________/______/________________________
(ТЕб қызметкерінің лауазымы, атағы) (қолы) (Т.А.Ә (ол болған жағдайда))
_________ жылғы «_______»________________
Берілген күні мен уақыты___сағ_______мин «____»_______ _____жыл


 

2-қосымша   

«Көлік құралының сәйкестендіру  
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік 
тіркеу және есепке алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
Нысан

(Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә
(ол болған жағдайда) немесе ұйымының атауы)
___________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, ТЕБ қызметкері немесе Мемлекеттік корпорация жұмыскері
_____________________________________________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
құжаттардың толық тізбесін ұсынбауыңызға байланысты
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік
қызметтің атауы көрсетілсін)
мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап
айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалды.
________________________________________________________  ___________
(ТЕБ қызметкерінің немесе Мемлекеттік корпорация
жұмыскерінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда)                     (қолы)

Орынд.: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) _________________________________
Тел.:__________
Алдым: __________________________________________________  __________
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)   (қолы)

20__ жылғы «___» _______________