КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ БАСТЫ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ

Аталған тақырыпта 2017 жылдың 13 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) басшысы Ә.Көмекбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берді.

Брифинг барысында департамент басшысы мансаптық модель енгізілгеннен кейін қызметшілердің таза ауысымдылығы яғни  4  есеге жуық төмендегенін, оған дәлел: 2015 жылы –891 адам мемлекеттік қызмет жүйесінен кетсе, 2016 жылы – 233 адам кеткендігін айтты.

Оңтүстік Қазақстанданда 8700 мемлекеттік әкімшілік қызметшінің 6638-і кешенді аттестаттаудан өтуде. Облыста 65 аттестаттау комиссиясы құрылған (16-сы жергілікті атқарушы органдарда, 49-ы орталық органдардың аумақтық департаменттерінде). Қазіргі таңда тестілеу кезеңі толықтай аяқталды. Тестілеу нәтижесінде 27% (1781) – «өте жақсы», 69,5% (4605)  – «тиімді», 3,3% (222)  – «қанағаттанарлық», 0,2% (13) – «төмен» деген нәтижені көрсетті.

Жоспарға сәйкес, аттестаттаудың әңгімелесу кезеңі 14 наурызда басталып, 24 мамырда аяқталады.

Аттестаттаудың әңгімелесу кезеңі бірқатар мемлекеттік органдар үшін басталды (ОҚО Соттар әкімшілігі, Мемлекеттік кірістер департаменті, облыс әкімі аппараты).

Аттестатталушылардан тиісті комиссияның іс-әрекетіне қатысты қандай да бір шағым түскен жағдайда, мәселені шұғыл қарау мақсатында Департамент және ОҚО прокуратурасымен бірлескен мобильдік топтар құрылды.  Аудан, қала, облыс орталығына бекітілген бұл мобильдік топтардың      саны – 8.

Азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын  қорғау мақсатында Департаменттің 51-51-51 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасауда.

ОҚО-да МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУГЕ ҮМІТКЕРЛЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ АЗАМАТТАР  ҮШІН СЕРВИСТІК memkyzmet.kzКӨМЕКШІ САЙТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАЛАРЫ  ӘЗІРЛЕНДІ. Аталған сайттан мемлекеттік қызметке кіру тәртібін, облыстың мемлекеттік органдарымен көрсетіліп жатқан қызмет көрсету тізбесін, мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесін, заңнамалар жиынтығын мен тестілеу  және басқа да мәліметтерді алуына болады.

ОҚО ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТАРАПЫНАН ӘДЕП КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ АЗАЙДЫ . Елбасының биылғы Жолдауы сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, оның алдын алуға бағытталған.  Бұл тұрғыда Агенттікпен, орын алған құқық бұзушылықтың жеке фактілерінің негізінде, оны болдырмаудың жүйелі шешімін қабылдау тәжірибесі қолға алынды.

Егер, 2016 жылы Кеңес отырыстарында 91 мәселе қаралып, оның 76 –і, яғни,    84 пайызы тәртіптік істерді құраса, 2017 жылдың 1 тоқсанында қаралған 23 мәселенің 50% құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытындағы мәселелер. Яғни, профилактика шараларына қатысты мәселелерді қарау биылғы жылы 3 есе артқан.

ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» ҮГІТ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ. Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап Агенттікпен сынамалы тәртіпте «Есіктен есікке» бағдарламасы іске қосылды.

Наурыз-сәуір айларында ОҚО-да  75 билборд, 35 мыңға жуық плакаттар ілінді және азаматтарға қолма қол таратылды. Қала маршруттарында  плакаттар жабыстырылды және миниэкрандарында көрсетілуде. Сондай-ақ, Қонаев гүлзары бойына орналасқан 20 мини LED экрандарда бұл хабарламар тұр.

Бүгінгі таңда ОҚО бойынша  557 000 үйге таратылған коммуналдық қызметтер үшін төлем түбіртектерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл беру жадынамалары жарияланып,  таратылды.(Шымкент қаласы бойынша 197000 үйге және аудандардағы 360000 үйге).

 

Облыстың барлық аудан-қалаларында  «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы автокөліктегі мобильдік топ құрылды. Мобильді топтың құрамына «Нұр Отан» партиясы, мемлекеттік  және үкіметтік емес ұйымдар мен  басқа да қоғамның белсенді өкілдері енді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша мобильді топтардың 3200-ге жуық адамдар қатысқан еңбек ұжымдарымен 24 кездесуі өтіп, 41 көліктегі жеке қабылдаулар жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *