Февраль 22, 2017

Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорациясына құжаттарды тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – бес жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

нотариалдық кеңседен анықтама алу үшін:

Мемлекеттік корпорациясында:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) көрсетілетін қызметті алушыдан кепілді тұрғын үй беру туралы нотариалды расталған өтініш не кепілді тұрғын үй беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтініші;

4) бала (балалар) оқитын білім беру ұйымының әкімшілігімен расталған жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға жылжымайтын мүліктің меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімі (бала 10 жасқа толған жағдайда);

5) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус растаған сенімхат, егер жұбайы (зайыбы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлік;

6) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

7) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

8) «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 112 бұйрығымен (бұдан әрі – № 112 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 тіркелген) бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;

2) көрсетілетін қызметті алушыдан кепілді тұрғын үй беру туралы нотариалды расталған өтініштің не кепілді тұрғын үй беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтінішінің электрондық көшірмесі;

3) бала (балалар) оқитын білім беру ұйымының әкімшілігімен расталған жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға жылжымайтын мүліктің меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімінің электрондық көшірмесі (бала 10 жасқа толған жағдайда);

4) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус растаған сенімхаттың, егер жұбайы (зайыбы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

5) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

6) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

7) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

 

кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге анықтама алу кезінде:

Мемлекеттік корпорациясында:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) заңды өкілдерінен кепілді тұрғын үй беру туралы нотариалды расталған өтініш не банк алдында міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда кепілді тұрғын үй беру туралы жақын туыстарынан нотариалды расталған өтініш;

4) бала (балалар) оқитын білім беру ұйымының әкімшілігімен расталған тұрғын үйді иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға тұрғын үйдың меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімі (бала 10 жасқа толған жағдайда);

5) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус растаған сенімхат, егер жұбайы (зайбы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлік;

6) банктен кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қоюға рұқсатқа анықтама беру туралы хат (кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие берген жағдайда);

7) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

8) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

9) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;

2) заңды өкілдерінен кепілді тұрғын үй беру туралы нотариалды расталған өтініштің не банк алдында міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда кепілді тұрғын үй беру туралы жақын туыстарынан нотариалды расталған өтінішінің электрондық көшірмесі;

3) кәмелетке толмаған (балалар) оқитын білім беру ұйымының әкімшілігімен расталған жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға жылжымайтын мүліктің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның (балалардың) келісімінің электрондық көшірмесі;

4) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус растаған сенімхаттың, егер жұбайы (зайыбы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

5) банктен кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қоюға рұқсатқа анықтама беру туралы хаттың электрондық көшірмесі (кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие берген жағдайда);

6) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

7) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

8) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).


 

2-қосымша      

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік
құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын
мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық
немесе қамқоршылық бойынша     
функцияларды жүзеге асыратын    
органдардың анықтамаларын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына           
      

Нысан

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының басшысына
____________________________________
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны:
ерлі-зайыптылардан _________________
____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда)
жеке сәйкестендіру нөмері)

Өтініш

Сіздерден _____________________________________________________
мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға рұқсат
беруді сұраймыз.
Балаларымыз:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
(балалардың Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке сәйкестендіру
нөмері, туған жылы, туу туралы куәліктің № көрсету, 10 жастан
асқан балалар қолдарын қойып, «келісемін» деген сөзді жазады)

Әкесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке
сәйкестендіру нөмері, жеке куәліктің №, кім және қашан берді)
_____________________________________________________________________
Шешесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке
сәйкестендіру нөмері, жеке куәліктің №, кім және қашан берді)
_____________________________________________________________________
Бұдан әрі тұратындар мекенжайы ________________________________
«Келешекте балалар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі» деген
сөйлемді (өз қолымен жазу) __________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды құпиямен қорғалатын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Жеке сәйкестендіру нөмері _____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
«___» _____________ 20__ жыл         Ерлі-зайыптылардың қолдары


 

 

3-қосымша      

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік
құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын
мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық
немесе қамқоршылық бойынша     
функцияларды жүзеге асыратын    
органдардың анықтамаларын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына            
       

Нысан

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының басшысына
__________________________________
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны:
ерлі-зайыптылардан _______________
____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда)
жеке сәйкестендіру нөмері

Өтініш

Сіздерден _______________ мөлшерінде кредит алу үшін _________
_______________________ мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлікті
_________ мерзімге кепілге қоюға рұқсат беруді сұраймыз.
Балаларымыз:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
(балалардың Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке сәйкестендіру
нөмері, туған жылы, туу туралы куәліктің № көрсету, 10 жастан
асқан балалар қолдарын қойып, «келісемін» деген сөзді жазады)

Әкесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке
сәйкестендіру нөмері, жеке куәліктің №, кім және қашан берді)
_____________________________________________________________________
Шешесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке
сәйкестендіру нөмері, жеке куәліктің №, кім және қашан берді)
____________________________________________________________________
Банктен хат № _________________________________________________
Балалар тұрғын үйден айырылған жағдайда мына мекенжайда тұрады
(қосымша ауданның мекенжайын немесе балаларды алуға келісім
берген жақын туыстарының мекенжайын көрсету) «Келешекте балаларды
тұрғын үйсіз қалдырмауға міндеттіміз» деген сөйлемді өз қолымен
жазады
_____________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды құпиямен қорғалатын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Жеке сәйкестендіру нөмері _____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)

«___» _____________ 20__ жыл         Ерлі-зайыптылардың қолдары