Февраль 25, 2017

Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру

«Бизнес және кәсіпкерлік» саласында көрсетілетін қызметтер

«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

1) Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);

2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап:
лицензия берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияның телнұсқасын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;

 

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 67-тарауына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушылардан қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алты айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлемінде лицензиялық алым (бұдан әрі – лицензиялық алым) алынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар күзет қызметін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеген кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден он пайыз көлемінде, бірақ лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген төлемнен төрт АЕК-тан көп емес мөлшерде алынады.
Лицензияның телнұсқасын алған кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезінде лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген мөлшерлемеден жүз пайыз мөлшерінде алынады.
Алым сомасы лицензиялық алым көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) лицензия үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер мен құжаттар:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;

психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамасы;

өз қызметінде қару мен оқ-дәрілерді пайдаланатын жеке күзет ұйымдарында оларды сақтауға арналған үй-жайлар (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған шарт) болған кезде:

сақтау және/немесе жалға алу шартының көшірмесі қажет;

2) лицензия бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияны қайта ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

Портал арқылы жүгінген кезде:

1) лицензия үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

сұрау салуға тіркелетін психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамасының электрондық көшірмесі;

өз қызметінде қару мен оқ-дәрілерді пайдаланатын жеке күзет ұйымдарында оларды сақтауға арналған үй-жайлар (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған шарт) болған кезде:

сақтау және/немесе жалға алу шартының электрондық көшірмесі;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген лицензия үшін ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі қажет.

2) лицензия бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияны қайта ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген лицензияны қайта рәсімдеу үшін ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;

3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

лицензия телнұсқасы үшін ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.


 

1-қосымша        

«Күзет қызметімен айналысу 
құқығына лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның   
телнұсқаларын беру»    
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    

Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші

____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес–сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі (-лері) көрсетiлсiн)
____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ________________________________________________________
(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта __________________________________________________
Телефондары ________________________________________________________
Факс _______________________________________________________________
Банк шоты __________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) _____________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр

Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағандығы;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

Басшы _________ _______________________________________________
(қолы)    (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны Толтырған күні: 20 __ жылғы «___» ________________


 

2-қосымша       

«Күзет қызметімен айналысу 
құқығына лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның   
телнұсқаларын беру»    
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    

Нысан

Мәліметтер нысаны
лицензия бойынша (күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру)

1. Жалпы ақпарат

1.__________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
(салық тіркеу нөмірі)
2.__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

2. Күзет ұйымының басшысына, сондай-ақ олардың филиалдарының
басшыларына қойылатын біліктілік талаптары туралы мәліметтер

3.__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(мамандығы мен біліктілігі)
4.__________________________________________________________________
(лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі
туралы дипломның № және берілген күні)
5.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
6. _________________________________________________________________
(жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек шартының нөмірі күні)
7.__________________________________________________________________
(арнайы бағдарлама бойынша даярлық курстарынан өтуі туралы куәліктің
№)
8.__________________________________________________________________
(арнайы бағдарлама бойынша курстардан өтуі туралы куәліктің берілген
күні)
9.__________________________________________________________________
(даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған оқу                                    орталығының атауы)
____________________________________________________________________
10._________________________________________________________________
(даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған оқу
____________________________________________________________________
орталығының занды мекенжайы)
11._________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының атауы)
12._________________________________________________________________
(соттылығы жоқтығы туралы анықтаманың № және берілген күні)

3. Уәкілетті органның келісуі туралы мәліметтер

13.__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу хатының №
және күні)

4. Лицензиялық алымды төлеу

14.__________________________________________________________________
(төлем сомасы)

5. Құжаттарды қоса беру (қосымша)

15.__________________________________________________________________
(төлем түбіртегінің №)

6. Тапсырысты қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі

16.__________________________________________________________________
(тапсырысты беру күні)

________________________________________/_______________
Тапсырысты қабылдаған лауазымды адамның     Т.А.Ә қолы