КОЛЛЕДЖДЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР ҚОҒАМ БАҚЫЛАУЫНДА

Білім беруге бөлінген қаражаттың жыл сайын ұлғаюы олардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттырады.

Осы мақсатта, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру аясында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде білім беру гранты мен мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындаудағы конкурстық комиссияның жұмысына қоғам өкілдерін қатыстыруды қолға алды.

«Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында қабылдау комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында мобильдік топтың штабы құрылды. Штаб құрамына Департамент және білім басқармасының қызметкерлері, АМТ мүшелері, «Атамекен» ҰҚК өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам өкілдері енді» – деді Департамент басшысы Ә.Көмекбаев.

Биыл өңірдегі 94 колледждің 61 колледжіне 11 475 грант бөлінген. Аталған қабылдау комиссиясы қазіргі таңда өз жұмыстарын бастап, олардың жұмысына 130-дан астам қоғам өкілдері бақылау жүргізуде.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы колледждердегі мемлекеттік гранттар бөлуде бұзушылықтарға куә болсаңыз, жедел түрде                      ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы                      іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің  memkyzmet.kz сайтындағы арнайы «Білім» айдарына немесе                                    +7 702 201 51 51 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджеріне немесе 51-51-51 сенім телефонына, сондай-ақ, facebook.com әлеуметтік желідегі Департаменттің арнайы парақшасына (Департамент по делам госслужбы и противодействию корруции по г.Шымкент) хабарландыру қалдыруға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *