Февраль 25, 2017

Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау

“Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша арнайы экономикалық аймақтардағы аумақтық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе “Салық төлеушінің кабинеті” веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), “Салық есептілігін өңдеу сервистері” (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) келу тәртібінде қағаз тасымалдағышында табыс етілген салық нысандарын қабылдау – оны тапсырған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде;

2)салық нысандарын электрондық түрде қабылдау – ол мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарларды экспорттау немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші:

1) қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) жөніндегі декларация;

2) тауарлар (оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері) импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышындағы өтініш;

Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны қағаз тасымалдағышында және электрондық түрде, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей бір мезгілде мынадай құжаттарды табыс етуге міндетті:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышында (төрт данада) және электронды түрде не тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы электронды түрде өтінішті (өтініштерді);

2) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың нақты төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалғанын растайтын, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де төлем құжатын немесе салықты төлеу мерзімін өзгерту құқығы берілгенін растайтын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті берген өзге құжатты немесе ҚҚС босатылғанын растайтын құжаттарды табыс етеді.

Бұл ретте аталған құжаттар ҚҚС төлеудің өзге тәртібі кезінде, сондай-ақ салық төлеуші көрсетілген артық төлем сомасын басқа салық және төлем түрлері бойынша есепке жатқызуға немесе есеп шотына қайтаруға өтініш бермеген болмаса, импортталған тауарлар бойынша ҚҚС бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызуға жататын импортталған тауарлар бойынша ҚҚС дербес шоттарында артық төлем болған жағдайда табыс етілмейді;

3) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттар, егер тауарларды өткізудің жекелеген түрлері үшін, оның ішінде көлік құралдарын пайдаланусыз тауарларды мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жағдайда табыс етілмейді.

4) егер шот-фактураларды (үзінді көшірме) жазып беру Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды;

Егер шот-фактураларды жазып беру (үзінді беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмесе не тауарлар Кеден одағына мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынатын болса, онда шот-фактураның орнына импортталған тауарлардың құнын растайтын, сатушы жазып берген (үзінді берген) өзге құжат ұсынылады;

5) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында – лизинг шарттарын (келісімшарттарын), зат түрінде қарыз берілген жағдайда – қарыз шарттарын, тауарларды дайындау туралы шарттарды (келісімшарттарды), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттарды (келісімшарттарды);

6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі, не Кеден одағына мүше үшінші мемлекет аумағынан импортталған тауарларды өткізетін Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің (басшының (дара кәсіпкердің) қолы қойылған және ұйымның мөрімен куәландырылған) салық төлеушісі берген Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі туралы мәліметтер және импортталған тауарды алғаны туралы Кеден одағына мүше осы үшінші мемлекеттің алушысымен жасалған шарт (келісімшарт) туралы ақпараттық хабарламаны, егер мәліметтер осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда хабарлама табыс етілмейді.

7) комиссия шарттары (келісімшарттары) немесе тапсырмалар (олар жасалған жағдайда);

8) олардың негізінде комиссия кепілдік шарттары бойынша Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттарды (келісімшарттар) немесе тапсырмаларды табыс етеді.

Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) осы тармақтың 3) – 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде бөлшек саудада сатып алу-сату жағдайында табыс етіледі.

Осы тармақтың 1) – 8) тармақшаларында көзделген құжаттар импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша табыс етіледі.

Осы тармақтың 1), 3) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттар егер лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысандары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысанасын) әкелгеннен кейін басталған жағдайда импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етіледі.

Осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттар егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің күні Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысаналарын) әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етіледі.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар (олардың көшірмелері) – кейіннен импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етіледі.

Осы тармақтың 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар импортталатын тауарлар бойынша жанама салық бойынша декларацияларды және тауарларды әкелу және жанама салықтарды тек электронды түрде төлеу туралы өтінішті (өтініштерді) ұсынған кезде табыс етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон алады.

Салық нысандары www.е.gov.kz, уәкілетті органның www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады. Салықтық өтініш нысандары көрсетілетін қызметті берушімен тегін беріледі;

порталға:

Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарларды экспорттау немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде ҚҚС төлеуші:

электронды құжат нысанындағы ҚҚС бойынша декларация;

тауарлар (оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері) импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей:

1) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде белгіленген нысандағы лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) табыс етуге міндетті.

Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті тек электрондық түрде табыс ету кезінде осы тармақтың 3) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тапсырылмайды.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметшісі тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды беруді тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті алған жағдайда, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорациясына жолдайды;

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет нәтижелерін алу күні және уақыты көрсетілген, сұрау салудың қабылданғаны туралы мәлімет жіберіледі.