Февраль 25, 2017

Кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар мен өсімпұлдар

“Кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар мен өсімпұлдар
бойынша есептеулердi салыстыру актiсiн беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күн;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру жүргізу туралы еркін нысандағы өтініш.

Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйенің және сыртқы экономикалық қызметке қатысушының деректері бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша мәліметтердің алшақтығы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай:

1) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар сомаларының төленгенін растайтын төлем құжатының;

2) ол бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар есептелген және төленген кедендік декларациялардың;

3) кедендік алымдарды төлеу кедендік декларацияны декларациялаусыз жүргізілген жағдайларда ұсынылатын, тауарларды жіктеу бойынша немесе жүзеге асырылғаны үшін кедендік төлем жүргізілген, тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру кезінде рәсімделген басқа құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.

Күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты–жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы болып табылады.