Февраль 25, 2017

Кедендік қоймалар иелерінің тізіліміне енгуіз

“Кедендік қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) “электрондық үкіметтің”: www.egov.kz веб–порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтініш;

2) банктерден оларда шоттың ашылғаны туралы растау;

3) кедендік қойма ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалануға арналған өзге негіздемелермен үй–жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) кедендік қойма ретінде мәлімделген үй–жайлар мен аумақтардың жоспарлары мен сызбалары;

5) қажетті тиеу–түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабының бар екенін растайтын құжаттар;

6) уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық–құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты өтінішке қоса беріледі.

портал арқылы:

1) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат түріндегі өтініш;

2) банктерден оларда шоттың ашылғаны туралы растаудың электрондық көшірмесі;

3) кедендік қойма ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалануға арналған өзге негіздемелермен үй–жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі;

4) кедендік қойма ретінде мәлімделген үй–жайлар мен аумақтардың жоспарлары мен сызбаларының электрондық көшірмесі;

5) қажетті тиеу–түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабының бар екенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

6) уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық–құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі өтінішке қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерін, көрсетілетін қызметті беруші “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушының кеңсесінде тіркелуі туралы оның көшірмесіне белгі қою қағаз тасымалдағышында өтінішті қабылдаудың растауы болып табылады;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.


 

Қосымша

“Кедендік қоймалар иелерінің
тізіліміне енгізу” мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша
_______________________________________      Нысан

заңды тұлғаның толық атауы

__________________________________________

заңды тұлға

__________________________________________

іс-жүзіндегі мекен-жайы

__________________________________________

БСН

__________________________________________

электрондық мекен-жайы, веб-сайты

________________________________________

уәкілетті органның атауы

Өтініш

Сізден, “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, бізді, кедендік қоймалар иелерінің тізіліміне енгізуді сұраймыз.

Біздің қарамағында:

Өтініш берушінің атауы туралы, орналасқан жері туралы, банктерде шот ашқандығы туралы мәліметтер___________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Кедендік қойманың типі туралы мәлімет________________________________

_____________________________________________________________________

Өтініш берушінің иелігіндегі және кедендік қойма ретінде пайдалануға арналған үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар туралы, олардың орналасқан жері туралы, жайластырылуы, жабдықталуы және материалдық-техникалық жарықтандырылуы туралы мәліметтер___________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарты (шарттары) туралы мәлімет_______________________________________________________

Қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының және көлік құралдарының болуы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиiстi есептеу аспаптарының болуы туралы мәлімет_______________________________________________________

_____________________________________________________________________

Меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі_______________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға келісім__________________________________________________

_________________________ берген күні:____________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)