Февраль 25, 2017

Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту

“Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 10 (он) күн;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы өтініш, еркін нысанда толтырылады және онда:

төлеуші туралы мәліметтер;

тауарлардың атауы;

сыртқы сауда шартының (халықаралық шарттың) реквизиттері;

мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну негіздемесі;

мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу сұралып отырған кедендік баждардың сомасы;

мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу сұралған мерзім;

бөліп төлеу сұралатын кедендік баждардың сомасын кезең-кезеңмен төлеу кестесі;

2) Қазақстан Республикасы 2010 жылы 30 маусымдағы № 321–ІV Заңымен ратификацияланған Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісімнің 8–бабында көрсетілген жағдайлардың жоқтығы туралы ақпарат:

дүлей зілзала, технологиялық апат немесе тосын күштің өзгеде мән-жайлары нәтижесі болған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерінің жазбаша дүлей зілзала, технологиялық апат немесе тосын күштің өзгеде мән–жайлары нәтижесінде төлеушіге нұқсан келтіру туралы растамасы;

төлеушіге кедендік бажды республикалық бюджеттен қаржыландыру немесе тіркелген азаматтық–құқықтық мәміле шеңберінде орындалған жұмыс көлемі (көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлар) үшін төлем кідіртілген кезде – республикалық бюджеттен қаржыландыру немесе орындалған жұмыс көлемі (көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлар) үшін төлемді кідірту туралы республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің жазбаша растауы;

Кеден одағының кедендік аумағына тез бүлінетін тауарларды әкелген кезде – Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі бекіткен тез бүлінетін тауарлардың тізбесі;

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тауарларды жеткізуді жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының тиісті күшіне енген халықаралық шарттарының көшірмелері;

Кеден одағының кедендік аумағына Кеден одағының комиссиясы бекіткен, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылуы мүмкін, әкелінетін шетелдік әуе кемелерінің және оларға құрауыштардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар әкелінген кезде – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авация комитетінің әкелінетін шетелдік әуе кемелерін және оларға құрауыштарды авиарейстерге қызмет көрсеткен кезде ғана Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары пайдаланылғандығы туралы жазбаша растауы;

Кеден одағының кедендік аумағына ауыл шаруашылығы қызметін не көрсетілген ұйымдар үшін отырғызатын немесе себетін материалдарды, өсімдіктерді қорғау заттарын, Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8424 81, 8433 51, 8433 59 субпозициясының ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуді жүзеге асыратын ұйымдар мысықтарды, иттер мен сәндік құстарды қоспағанда, жануарларды азықтандыру үшін тауарларды әкелген кезде – мұндай тауарларды әкелетін немесе ол үшін мұндай тауарларды жеткізетін ұйымның ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруын растайтын құжаттары;

тауарларды, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін әкелген кезде:

әкелінетін шикізаттың, материалдардың, технологиялық жабдықтың, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін жеткізу туралы сыртқы сауда шарты (келісімшарт, келісім);

әкелінетін тауарларды шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар және оның қосалқы бөлшектері ретінде пайдалана отырып өндірудің технологиялық схемасы (өндірістің фрагменті);

Күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы болып табылады.