Февраль 25, 2017

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді

“Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді
тіркеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – көрсетілетін қызметті беруші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтінішті тіркеген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;

мемлекетік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы өтініш тіркелген күнінен кейінгі 10 күннен кешіктірмей, төлеушіге карточканы тіркеу немесе себебін көрсетіп, тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жолданады.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтініш еркін нысанда толтырылады және онда келесі мәліметтер болуы тиіс:

төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін:

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні;

тұрақты тұратын жерінің мекенжайы;

Кеден одағының кедендік шекарасын болжамды кесіп өту орнында орналасқан мемлекеттік кірістер органының атауы (мұндай ақпарат бар болған жағдайда);

салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі;

аталған қамтамасыз ету кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету болып табылатыны туралы ақпарат;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілін растайтын құжаттың нөмірі және күні;

2) төлеушілер болып табылатын заңды тұлғалар үшін:

атауы және оның заңды мекенжайы;

басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

Кеден одағының кедендік шекарасын болжамды кесіп өту орнында орналасқан мемлекеттік кірістер органының атауы (мұндай ақпарат бар болған жағдайда);

салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі;

аталған қамтамасыз ету кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету болып табылатыны туралы ақпарат;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілін растайтын құжаттың нөмірі және күні.

3) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің таңдаған тәсіліне байланысты кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:

мемлекеттік кірістер органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаның аударылғаны туралы төлем құжатының көшірмесін;

төлеуші мен мемлекеттік кірістер органы арасында жасалған мүліктік кепіл шартын және бағалаушының кепілдегі мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін;

кепілгер банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдемесі шартын және банк кепілдігін;

кепілгерлік шартын;

сақтандыру шарты.

Күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы болып табылады.