Февраль 25, 2017

Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың

“Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың
артық (қате) төленген сомалары бар екендігі туралы
растау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күн;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомалары бар екендігі туралы растауды беру туралы еркін нысандағы өтініш;

2) кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар сомаларының төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;

3) ол бойынша кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдаресептелген және төленген кедендік декларацияның көшірмесі;

4) кедендік декларацияны декларациялаусыз оларды төлеу жүргізілген жағдайларда ұсынылатын, тауарларды жіктеу немесе жүзеге асырылғаны үшін кедендік алымдарды төлеу жүргізілген, тауарлардың шығарылған елі бойынша алдын ала шешім қабылдау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру кезінде ресімделген басқа құжаттардың көшірмелері.