Февраль 25, 2017

«Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығы.

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары.
Порталда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтінім.
2) импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары;
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

 

Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.


 

Қосымша     

«Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге әкетуге
фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына қосымша

Нысан

________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган
________________________________________________
ведомствосының аумақтық бөлімшесі)
________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке
________________________________________________
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса)
________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке
сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

Қазақстан Республикасынан мынадай карантинге жатқызылған өнімді
әкетуге фитосанитариялық сертификат беруді сұраймын:
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы,
орын саны және орамасының сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы)
_____________________________________________________________________
(өсімдіктердің ботаникалық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жүк алушы, карантинге жатқызылған өнім жүк алушысының мекенжайы)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің межелі орны)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(фитосанитариялық талаптарға сәйкес фитосанитариялық сертификаттың
қосымша декларациясында көрсетілуі тиіс мәліметтер)
_____________________________________________________________________
(залалсыздандыру жүргізілгені туралы мәліметтер)
_____________________________________________________________________
(фитосанитариялық талаптарда не келісімшартта (шартта) көзделген
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру тәсілі)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды (фумигациялауды)
жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің атауы)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялауды)
жүргізу кезіндегі тұрақты экспозиция)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялау) қандай
температурада жүргізілді)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды (фумигациялауды)
_____________________________________________________________________
жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің концентрациясы)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнім туралы қосымша ақпарат)
_____________________________________________________________________
(импорттаушы елдің атауы)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылатын өнімнің межелі мекенжайы)
_____________________________________________________________________
(көлік түрі, көлік құралының нөмірі немесе кеменің атауы,
тасымалдау түрі)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің жүру маршруты)
_____________________________________________________________________
(тиеп жөнелту күні, тиеп жөнелту орны)
_____________________________________________________________________
(сол арқылы карантинге жатқызылған өнімді әкелу болжанатын
импортаушы елдiң шекаралық пунктiнiң атауы)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнім шығарылған ел)

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін
жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Басшы______ _____________________________________________ (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

Мөр орны 20 __ жылғы «___» _____________