Февраль 25, 2017

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығы.

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Порталда:
осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтінім.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.


 

Қосымша

 

«Карантинге жатқызылған өнімді
Қазақстан Республикасының аумағында
тасуға карантиндік сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

Нысан

________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті
________________________________________________
орган ведомствосының аумақтық
________________________________________________
бөлімшесінің атауы)
________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе
________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
________________________________________________
кәуландыратын құжатта бар болса), заңды мекенжайы
_________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
_________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтінім

_______________________________мынадай карантинге жатқызылған өнімді
(облыстан, қаладан)
әкетуге карантиндік сертификат беруді сұраймын:
1 __________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы,
_____________________________________________________________________
орын саны және орама сипаттамасы, айырым белгілері,
_____________________________________________________________________
межелі мақсаты)
2.___________________________________________________________________
(өсімдіктердің ботаникалық атауы)
3.___________________________________________________________________
(облыстың (қаланың) атауы, карантинге жатқызылған
_____________________________________________________________________
өнімнің межелі мекенжайы)
4.___________________________________________________________________  _____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді тиеп жөнелту күні және орны)
5.___________________________________________________________________
(жөнелту станциясының атауы)
6. __________________________________________________________________
(межелі станцияның атауы)
7. __________________________________________________________________
(жүк алушы, карантинге жатқызылған өнім жүк алушысының мекенжайы)

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін
жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Басшы ______ _______________________________________________________
(қолы)     тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландаратын
құжатта бар болса)

20__ жылғы «___» ______________